20
Сенбі,
Сәуір

һижри

«Төлебай» мешітіндегі Ораза айт мерекесі

Жаңалықтар
Жарнама

Маусым айының 25 жұлдызында  еліміздің барлық мешіттерінде Ораза айт намазы оқылды. Астана қаласының «Төлебай» мешітіне бұл күні мұсылман қауымы  таң намазынан жинала бастады. Ең алдымен «Төлебай» мешітінің ұстазы Жандос Атембаев жамағатқа  Құран аяттарын оқыды. «Төлебай» мешітінің Бас имамы Асхат Салимов халықты Ораза айт мейрамымен құттықтап, мерекенің  ерекшеліктері жайлы әңгімеледі. Бас имам исламдағы екі маңызды күндер - айт мейрамдары туралы уағыз-насихат айтып,  айт намазының қалай оқылатының жамағатқа түсіндіріп берді. Айт намазы  оқылған соң хұтпа айтылып, дұға жасалды. Барша мұсылман бір-біріне құшақ жайып, мерекемен құттықтады.  «Төлебай» мешітінің Бас имамы Асхат Сапашұлының ұйымдастыруымен жамағатқа шелпек, бауырсақ, құрма мен тәтті-дәмділер таратылды.

 Жастар жағы арқан тартысып, гір көтеруден жарыстарға қатысты. 5 адамнан тұратын 6 топ арқан тартып сайысса, гір көтеруден  17 жігіт күш сынады. Арқан тартудан бірінші орынды "Иман" командасы жеңіп алса, екінші орынды "Құтпанұлы" командасы иеленді. Гір тасын 63 мәрте көтерген Қуаныш есімді азамат бірінші орын, 51 рет көтерген Нұрбол екінші орын, ал  43 мәрте көтерген Әділет  үшінші орынды жеңіп алды.  Жүлдегерлерге кілем,  бағалы кітаптар секілді сыйлықтар берілді. Ал қатысушылардың барлығына құрма үлестірілді. 

Ораза айт мейрамы жалпы мұсылман қауымының ерекше мейрамының біреуі, өкінішке қарай, үлкендер намаз оқып, одан кейін айтшылап жүріп балаларымызды ұмытып кетіп жатамыз, сол себепті «Төлебай» мешітінің Бас имамы Асхат Сапашұлы Салимов балаларымызға да Ораза айттың мейрам екенін көрсету үшін және оларды бір мәз қылдырып қуанту үшін Ораза айттың бірінші күні «Төлебай» мешітінің ауласына таңертенгі сегізден кешкі жетіге дейін балаларға тегін батут қойғызды. Ораза айтта батутта секірген балалар  мәз-мейрам болып, бұл мерекенің  шаттығын сезінгендей болды. 

20170625 063741

20170625 070838

20170625 071638

20170625 074022

20170625 121433

20170625 123555

IMG 20170625 WA0107

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: