Маусым айының 26 жұлдызында Ораза айт мейрамының екінші күні «Төлебай» мешітінің Бас имамы Асхат Сапашұлы Салимовтың ұйымдастыруымен мешітте 6 мұқтаж отбасына Ораза айттың құрметіне бір қойдың еті бөлініп және қосымша азық-түлікпен қайырымдылық көмек көрсетілді.
Түскі ас мезгілінде Ораза айттың құрметіне «Төлебай» мешітінің жанындағы «Тағам» кафесінде 60 адамға дастархан жайылып, қайырымдылық асы берілді. Қайырымдылық асқа «Төлебай» мешіті мұқтаж адамдарды балаларымен шақырып, мерекелік дастарханнан дәм татқызды. Екі айт мейрамдарында мерекелік дастархан жаю, туған-туыстармен көршілерге айтшылау ата-бабамыздың ертеден келе жатқан салт-дәстүрі, ал осы салт-дәстүрлерді тірілтіп, оны жас ұрпаққа жеткізу ол біздің міндетіміз.



«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі