18
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ихрам кигенен кейін нелерді істеуге болмайды?

Ихрам кигенен кейін нелерді істеуге болмайды?

Сұрақ-Жауап

Сұрақ: Ассалаумағалайкүм! Ихрам кигеннен кейін істеуге болмайтын істер бар деп естідім. Соны айтып берсеңіздер.

Жауап: Уағалайкүм әссәләм! Ихрамға кірген адамға ихраммен жүрген мерзімі ішінде (ихрамнан шыққанға дейін) басқа уақыттарда халал болған кейбір әрекеттерді жасауына тыйым салынады. Бұлар ихрамның тыйымдары деп аталады.

Бұл тыйымдар мыналар:

1- Шаш немесе сақал қыру, мұрттарды қырқу.

2- Ұят жерінің және қолтық қылдарын жұлу немесе ұстарамен қыру.

3- Дененің басқа жерлеріндегі қылдарды жұлу немесе қырқу.

4- Тырнақ алу.

5- Денеге немесе ихрамға (әйелдер киімдеріне) әдемі иіс су себу, иіс сабын қолдану.

6- Киім ретінде дайындалған (тігілген немесе тоқылған) нәрселерді кию. Бұларды киместен, бірақ (пальто, шапан, көйлек секілді киімдерді) иыққа жауып немесе жатарда басы ашық қалу шартымен үстіне жамылуға болады.

7- Басын және жүзін жабу, тақия кию немесе басына сәлде орау.

8- Қолғап, нәски немесе тобықтарын жабатын аяқкиім кию. Киімге байланысты айтылған тыйымдар тек еркектерге қатысты. Әйелдер күнделікті киімдерін киеді, ихрам мерзімінде тек беттерін жаппайды.

9- Жыныстық қатынас немесе сүйісу, ойнау, шахуатпен (ләззатпен) ұстау... секілді жыныстық қатынастарға себеп болатын әрекеттерді жасау.

10- Шахуаттық сезімдерді оятатын нәрселерді айту.

11- Құлшылықты қойып, харам істер істеу.

12- Айтысу (сөз таластыру), төбелесу, сөгу, жаман сөз айту секілді жаман әрекеттермен адамдарды ренжіту.

13- Етін жеуге болса да болмаса да құрлықтағы кез-келген жануарларды аулау.

14- Аңшыға аңды көрсету немесе аулау барысында көмекші болу.

15- Жеуге болатын жабайы аңдарға зиян жеткізу.

16- Харем аймағында өздігінен өскен шөп және ағаштарды жұлу ихраммен де ихрамсыз да барлық адамдарға тыйым салынады.

17- Басын шампунь мен жуу.

18- Моншаға түсу.

19- Өзінің үстінде болған битті өлтіру және басқаның өлтіруі үшін көрсету.

Ескерте кететін жайт, бұларды біліп немесе білмей, ұмытып жасағандарға, құрбандық, садақа жазаларын өтеуі керек болады. Жаза ретінде сойылған құрбандықтың етінен иесі жей алмайды. Ифрад қажылықта бір құрбандық шалуды керек ететін кінәні, қарин қажы істесе, екі құрбандық шалуы керек болады.

ummet.kz

Бөлісу: