21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Арафа күні бесін намазы мен екінті намазының парызын бір уақытта қалай бірге өтейді?

Арафа күні бесін намазы мен екінті намазының парызын бір уақытта қалай бірге өтейді?

Сұрақ-Жауап

Сұрақ: Ассалаумағалайкүм!Үлкен қажылыққа кетіп бара жатыр едім. Арафа күні бесін намазы мен екінті намазы бір уақытта оқылады дейді. Қалай оқылатынын айтып берсеңіз.

Жауап: Уағалайкүм әссәләм. Ниетіңіз қабыл болсын!Иә, үлкен қажылық кезінде қажылар Арафатта бесін намазы мен екінті намазын, Мұздалифада ақшам намазы мен құптан намазын қосып оқиды. 

Сіз сұраған Арафаттағы бесін мен екінті намазының қосылып оқылуы мынадай болады:

Арафа күні бесін азаны оқылғаннан кейін бесін намазының алғашқы төрт рәкат сүннеті оқылады, сосын қамат түсіріліп, бесін намазының парызы оқылады. Сосын қайтадан қамат түсіріліп, намаздыгер намазының парызы оқылады.

Уақфа болғандықтан, бесін намазының соңғы сүннетін оқу – мәкрүһ.

Әр екі намаздың парыздарынан кейін ташриқ тәкбірі айтылады. Осылайша бесін мен намаздыгер намаздары бір азан, екі қаматпен бесін уақытында қосылып оқылады.

Ummet.kz

Бөлісу: