29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Құрбандық мал қалай шалынады?

Құрбандық мал қалай шалынады?

Сұрақ-Жауап

Сұрақ: Ассалаумағалакүм!Мен биыл алғаш рет құрбан шалайын деп едім. Құрбандық малды қалай  шалатыны туралы мәлімет берсеңіздер. Алдын ала рақмет.

Жауап: Уағалайкүм әссәләм!Құдай Тағала ниетіңізді қабыл етсін!

Құрбан ретінде шалынатын мал құбылаға қарата жатқызылып, дұға ретінде мына аят оқылады:

إنَّ صَلاتِي وَ نُسُكِي وَ مَحْيَايَا وَ مَمَاتِي لّهِلِ رَبِّ الْعَالَمِينَ لا شَرِيكَ لَهُ

«Инна салати уа нусуки уа махиаиа уа мәмәти лилләһи Раббил ‘аламина лә шәрика ләһ». 

Бұл дұғаның мағынасы мынадай:

«Күмәнсіз менің намазым және басқа ғибадаттарым, өмірім де, өлімім де бүкіл әлемдердің Раббы Алла үшін. Оның еш серігі жоқ». 

Одан кейін төмендегідей тәкбір тәшриқ оқыған жөн:

 ألله أكْبَرُ, ألله أكْبَرُ, لا إلَهَ إلاَّ اللهُ وَاللهُ أكْبَرُ, ألله أكْبَرُ وَلِلَهِ الْحَمْدُ

«Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар лә илаһа иллаллаһу, уАллаһу әкбар, Аллаһу әкбар уа лиллаһил-хамд» – деп, тәкбір айтып, «Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар» – деп бауыздалады. 

Тек қана құрбанның иесінің ғана «Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар» – деуі жеткілікті емес. Құрбанды бауыздаған адам да «Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар» – деуі керек. Әдейі ұмытпастан «Бисмиллаһ» деп айтпаса, құрбанның етін жеуге болмайды. Өйткені, Алланың аты айтылып, бауыздалмаған малдың етін жеу – харам.

Құрбанның иесі құрбанды бауыздайын деп жатқан қасаптың қолының үстіне қолын қойып, бірге ба уыздаса, екеуінің де «Бисмиллаһ» деп айтулары керек.

Сойылатын мал құрбан ниетімен бауыздалу керек. Бұл жерде өте маңызды бір мәселе бар. Бірнеше адам (жеті адамға дейін) бірігіп түйе немесе сиыр шалатын болса, сол адамдардың барлығының ниеті тек қана құрбандық болуы - шарт. 

Егерде құрбандық малы түйе болса, шариғатымыз бойынша екі жерден бауыздалатынын ұмытпаған жөн.

Малдың жаны шыққаннан кейін барып қана терісі сыпырылады. Жаны шықпай жатып басын кесіп алып тастау немесе терісін сыпыру–сауапты азайтатын, ұнамсыз істерден.

Ескере кететін бір жайт; Құрбан ретінде шалынатын малды қинамау үшін, өткір пышақ қолдану керек. Өйткені, құрбандық малы болсын немесе  басқа да қажеттілік үшін сойылатын малды қинауға болмайды. Малды сою үшін жерге жатқызғаннан кейін пышақты көз алдында жалақтатып, қайрау – мәкрүһ. Ал, қинамай сою – сүннет.

 Ummet.kz

Бөлісу: