21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Қаза намаздары (қарыздары) бола тұрып, сүннет намаздарды орындау дұрыс па?

Қаза намаздары (қарыздары) бола тұрып, сүннет намаздарды орындау дұрыс па?

Сұрақ-Жауап

Сұрақ: Ассалаумағалайкүм. Қаза намаздарымды өтемей тұрып, нәпіл (сүннет) намаздарды орындағаным дұрыс па?

Қаза болып қалған намаздарды мүмкіндігінше тезірек өтеп, қарыздардан құтылу үшін күш салған абзал. Бұл жағдайда уақытында орындалмаған намаздар қосымша намаздардан бұрын оқылуы тиіс.

Мысалы, қайсыбір адамда қаза намаздары болған жағдайда, нәпіл немесе тасбих-намаздардан гөрі парыз намаздарды орындау керек. Яғни бастысы – әрбір ыңғайлы сәтте қаза намаздарды  яғни уақытында орындалмаған намаздардың парызын өтеген дұрыс.

Бұған дәлел ретінде Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келесі бір хадисін келтіруге болады: «Қиямет күні құлдардың ең бірінші сұралатыны – парыз намаздары. Олар үшін намаздарының орындалған болуы дұрыс. Болмаған жағдайда: «Оның қосмша (намаздары) бар ма екен?» деп сұралады. Парыздағы кемшіліктер қоымша намаздармен толтырылады».

Басқа бір хадисте былай деп айтылады: «Намазды менен көргендеріңдей етіп оқыңдар».

Бұдан мынадай қорытынды шығарамыз: мұсылман үшін ағымдағы парыз намаздарымен қатар нәпілдер мен қаза намаздарын өтеу үшін арнайы бөлек уақыт бөлген дұрыс.

Ummet.kz

Бөлісу: