21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Таң намазының сүннетінің қазасы өтеле ме?

Таң намазының сүннетінің қазасы өтеле ме?

Сұрақ-Жауап

Сұрақ: Ассалаумағалайкүм. Таң намазының қазасы туралы сұрайын деп едім. Біреулер сүннетінің қазасы қоса өтеледі десе, енді біреулер тек парызының ғана қазасы өтеледі дейді. Қайсысы дұрыс? Таң намазының сүннетінің қазасы өтеле ме, өтелмей ме? (Мұрат)

Жауап: Уағалайкүм әссәләм, Мұрат бауырым. Алайда уақытында оқылмаған таң намазы сол күні түстен бұрын (зауал уақыты кірмей тұрып) қазасын өтемекші болсаңыз, сүннетінің де қазасы бірге оқылады[1]. Себебі, Әбу Дәуіттің хадистер жинағының «Намаз» бабында келген хадисте Алланың ақырғы Елшісі Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) бір жолы оқи алмай қалған таң намазының қазасын бесін намазынан бұрын өтеген. Сол кезде Ол кісі (с.ғ.с.) таң намазының сүннетінің де қазасын бірге өтегені айтылады[2].

Ал, басқа намаздардың сүннетінің қазасы жайлы айтар болсақ, оқылмаған сүннеттердің уақыты өтіп кеткеннен кейін қазасы өтелемейді.

Ummet.kz


 

[1] Фәтәауи Хиндие, 121

[2] Әбу Дауыт, Салат, 11

Бөлісу: