21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Құрбан малының етін түгелдей асып, туған – туыстарды қонаққа шақыруға бола ма?

Сұрақ-Жауап

Сұрақ: Ассаламу алейкум,құрбан малының етін түгелдей асып, туған – туыстарды қонаққа шақыруға бола ма?

Жауап: Уағалейкум ассалам!

 Құрбандыққа шалынған малдың етіне көпшілікті шақырып ас берсін, немесе кедейлерге таратып берсін ол адамының өз еркі. Алайда құрбан малдың етін үшке бөліп, бір бөлігін өздеріне, бір бөлігін туған-туысқан көршілеріне, қалған бөлігін кедейлерге таратып беру – сүннет. 

 

Әдебиеттер:

1.            «Лажнату дайма лилбухусил-илмияти уәл-ифта», фатуа 3055.

2.            «Құрбан шалу», Н.Анарбаев, Е.Қарақұлов, 82

«ummet.kz» рухани – ақпарттық порталы

Бөлісу: