21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Құрбандықтың орнына садақа берсем бола ма?

Сұрақ-Жауап

Сұрақ: Ассаламу алейкум,құрбандықтың орнына садақа берсем бола ма?

Жауап: Уағалейкум ассалам!

Әрбір құлшылықтың өзіндік ерекшелігі бар. Сол шарттарын орындамайынша ол құлшылық толық саналмайды. Құрбандықтың да өзіне тән ерекшелігі сол, қан шығарып, құрбан шалмайынша саналмайды. Алла елшісі: «Адам баласы құрбан айт күні мал сойып, қан шығарудан басқа сүйікті іспен Аллаға жақындаған емес...», - деген. Сондықтан кімде-кім жағдайы жете тұра, құрбан айт күні құрбан шалмаса міндетінен құтылмайды.

Ал кедейлерге құрбан шалу міндетті болмағандықтан олар ерікті. Егер кедей кісі құрбан шалса, екі амалды орындаған болады, біреуі құрбан шалып, екіншісі шалған құрбаны садақа орнына да жүреді. Ал шариғатта кедей кісіледің жомарт болуы жақсы амал және садақа беруге еш уақытта тиым салынбаған, қалаған уақытында бере алады.

Әдебиеттер:

1.            «әл-Иная шархул - Һидоя», 14/185.

2.            «Құрбан шалу», Н.Анарбаев, Е.Қарақұлов, 82

«ummet.kz» рухани – ақпарттық порталы

 

Бөлісу: