Сұрақ: Сәлеметсіз бе! Қара түсті орамал тағудың шариғаттағы үкімі қандай? Біздің қазақта «қара жамылма» деп жатады, осыған сай қара кию дұрыс емес пе? Нұрсәуле Әлімжан
Жауап: Сәлеметсіз бе, Жасаған иеміз әйел кісілерге тән арнайы киім үлгісін бұйырғанымен,[1] «қара түсті болсын» деген әмірі жоқ.
Шариғат шәлісі «қара түсті» болуы керек пе?
Ал, жалпы алғанда, дінімізде әркімнің өз талғамына сәйкес ұнаған түсін таңдауына ерікті, бұл - даусыз.
Бірақ, мынаны айта кеткеніміз жөн, түс таңдар кезде салт-дәстүрді, жергілікті менталитетті де назарға ұстаған абзал. Ертеректе қазақ халқында ері өлген әйел қара түсті киім киіп, аза тұтатын болған [3]. Осыған байланысты,бірыңғай қара түсті таңдамаған жөн.
[1] Нұр – 31; Әхзәб – 59.
[2] Әбу Дәуід – 4101.
[3] Қазақ тілінің әмбебап сөздігі
Абдусамат Қасым,
ислам.кз