23
Сенбі,
Қараша

һижри

Ораза тұту үшін ниет керек екен. Ол ниет қалай болуы тиіс?

Сұрақ-Жауап

Сұрақ:Ораза тұту үшін ниет керек екен. Ол ниет қалай болуы тиіс?

Жауап: Пәлен күні Алла үшін ораза тұтамын деп жүрегімен шешім қабылдауды ниет деп атайды. Оразаның өзі бірнеше түрге бөлінеді:

Парыз ораза – Рамазан айының оразасы.

Уақыты белгіленген серттелінген ораза.

Уақыты белгіленбей жалпы серттелінген ораза.

Рамазан айының қазасы.

Бұзылған нәпіл оразаның уәжіп болған қазасы.

Кәффарат (жаза) оразасы.

Нәпіл ораза.

Рамазан айы және уақыты белгіленген серт оразасы мен ерікті оразаларға түннен бастап ниет етуге болады. Бірақ шарт емес. Түске дейін ниет етсе болады. Ал, рамазан оразасының қазасы, уақыты белгіленбей, жалпы серттелінген ораза, кәффарат, бұзылған нәпіл оразаның қазасы сияқты ораза түрлеріне түннен ниет етілуі қажет.

Сұрақ: Қажылық пен ұмраны бірге жасаушы тұтуы тиіс оразасына ниетін қалай алады?

Жауап: Басқа да кәффарат (жаза, айып) оразалар секілді түннен бастап ниет етіледі.

Сұрақ: Нәпіл ораза бұзылса қаза қалай өтеледі?

Жауап: Ерікті ораза ұстаушы іс-әрекетті бастамастан бұрын өзіне өзі ие. Ал, егер бір істі, нәпілді бастаса аяқтауы уәжіп болады. Сондықтан нәпіл оразасын бұзса қазасын өтеуі тиіс. Бұл тұрғыда нәпіл ораза, нәпіл намаз, нәпіл қажылық, нәпіл ұмра – бәрінің үкімдері бірдей.

Бөлісу: