21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Тұмар тағу ширк амал ма?

Тұмар тағу ширк амал ма?

Сұрақ-Жауап

Ассаламу алейкум!

Тұмар тағу жайлы шариғатта не айтылған? Тұмар тағу – Құдайға серік қосқан боп есептеледі, үлкен күнә деген сөз дұрыс па?

Уа алейкум ассалам!

Тұмар тағу мәселесіне қатысты сахабалар арасында бірауыздан келісілген пікір жоқ. Ибн Масғұд, Ибн Аббас (р.а.) тұмар тағуды құптамаған. Ал, Абдулла бин Амр, Айша (р.а.) анамыз риуаят еткен хадисте тұмар тағуға рұқсат бар екенін көрсетілген[1]. Сахабалардың тұмар тағуға қатысты ойлары екіге айырылуының себебі жайлы Тирмизи еңбегіне жасалған түсіндірме кітапта былай делінген: «Ғалымдардың басым көпшілігі рұқсат бергенімен, кейбір ғұламалар тұмар тақпағанды абзал көрген. Өйткені, тақуалықтың бірнеше дәрежесі бар. Ықылас та көптеген мәртебе деңгейінен тұрады. Әр дәреже қабатының үстінде тағы бір қабат дәреже болады. Ал, оған қол жеткізгісі келетіндер саны аз. Ең тақуа адам бейтарап нәрсенің залалы болуы ықтималынан сақтанып оны тәрк етуші[2]», - делінген. 

Ал, Шұғайыпұлы Амр (р.а.) риуаятында тұмар жайлы былай деген: «Алла Елшісі (с.ғ.с.) сахабаларға қорыққанда мына сөздерді айтуды үйретуші еді: «Әъузу би кәлиматилләһи әттәмма мин ғазабиһи уә шәрри ъибәдиһ. Уә мин һәмәзатиш шайатын уә ән яхдурун». Мағынасы: (Алла Тағаланың түгел сөздерімен Оның қаһарынан және пенделерінің жамандығынан Алланың Өзінен пана тілеймін. Әрі жын-шайтандардың азғыруы және арбауынан қорғауын сүраймын). Сахаба Абдулла бин Амр (р.а.) бұл сөздерді ес біліп қалған балаларына үйретіп жаттататын. Ал, әлі жас балаларына тұмар етіп тағып қоятын[3]», - делінген.

Демек, дұға жаттауға тілі келмеген балаға тұмар тағып қоюға рұқсат бар. Ал, жаттауға шамасы жеткен балаға арнайы дұғаларды өзі оқып жүргені дұрыс. 

Қамбаров Р.

Исламтанушы


[1] Кабаир кітабы

[2] Тухфат Ахуази

[3] Әбу Дауд

Бөлісу: