30
Сенбі,
Қараша

һижри

Ораза айт күні қаза ораза ұстасам бола ма?

Ораза айт күні қаза ораза ұстасам бола ма?

Сұрақ-Жауап

Сұрақ: Ассалаумуғалайкүм, Ораза айт күні қаза ораза ұстасам бола ма?

Жауап: Уағалайкүм әссәләм! Ораза айт күні айтулы мереке болғандықтан, шариғат бойынша бұл күні қандай да бір ораза ұстауға болмайды. Бұл туралы Абу Са’ид әл-Худриден жеткен хадисте: «Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарға Ораза айт пен Құрбан айттың екі күнінде ораза ұстауға тыйым салатын»[1], - делінеді. Бұл дәстүр біздің бабаларымызда да сақталған. Көне көз қариялар бұл күні намаздың алдына отбасындағы арнайы айттық дастарханнан дәм татып, сонан кейін айт намазына баратын болған.

Сондықтан, Ораза айт күндерін өзіне тән әдептерімен сауатты да, сауапты болатындай етіп өткізген абзал. Бұл күні қандай амалдар істеуге болатынын сайтымыздағы «Ораза айт күні істелуі тиіс амалдар» атты мақаламыздан оқи аласыз.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Ораза айт күні ауыз бекітуге тыйым салып, Құрбан айт күні намазға үйден ештеңе жемей барып, құрбандықтың етімен ауыз ашуды сүннет қылған.

Ал, Рамазан айының қаза оразасын айттан кейін кез келген күні, келесі жылдың ораза айына дейін өтеуге болады.

Ummet.kz


[1] Бұхари хадистер жинағы

Бөлісу: