30
Сенбі,
Қараша

һижри

Ораза айт күні таңертең сәресі ішеміз бе?

Ораза айт күні таңертең сәресі ішеміз бе?

Сұрақ-Жауап

Сұрақ: Ассалаумуғалайкүм, Ораза айт намазына сәресі ішіп, ауыз бекіту керек деп естідім. Сонда азанда тұрып сәресі ішу керек пе? 

Жауап: Уағалайкүм әссәләм! Сіздің сұрағыңызға қатысты хадисте: «Алланың Елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарға Ораза айт пен Құрбан айттың екі күнінде ораза ұстауға тыйым салатын»[1], - делінеді. Ал, Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Ораза айт күні үйден саны тақ болған (1, 3, 5, ...) құрма жеп алып айт намазына шығатын болған. Демек, Ораза айт күні сәресі ішілмейді, ешбір ораза (қаза да, нәпіл де) ұсталмайды.  

Ораза айт күндерін өзіне тән әдептерімен сауатты да, сауапты болатындай етіп өткізген абзал. Бұл күні қандай амалдар істеуге болатынын сайтымыздағы «Ораза айт күні істелуі тиіс амалдар» атты мақаламыздан оқи аласыз.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Ораза айт күні ауыз бекітуге тыйым салып, Құрбан айт күні намазға үйден ештеңе жемей барып, құрбандықтың етімен ауыз ашуды сүннет қылған. Ал, Рамазан айының қаза оразасын айттан кейін кез келген күні, келесі жылдың ораза айына дейін өтеуге болады.

Ummet.kz


[1] Бұхари хадистер жинағы. Абу Са’ид әл-Худриден жеткен хадис.

Бөлісу: