15
Сәрсенбі,
Мамыр

һижри

 «Отанды сүю –  иманнан», - деген кең тараған мағынасы терең, қанатты сөз бар.

Бүгінгі күннің маңызды мәселесінің бірі – мұсылмандардың ауызбірлігі.

Алла Тағала адамзатқа тура жол көрсету үшін жер бетіне елшілерін ауық-ауық жіберіп отырған. Сондағы елшілердің атқаратын ең басты міндеті – адамзатты құлшылыққа үндеу. Ал осы үндеудің басты мақсаты – ауызбірлік болды. Яғни, барша адам жалғыз Тәңірге табынуы тиіс еді.

Тарихқа шолу жасасақ кезінде хазіретті Әли (р.ғ.)-мен соғысқан хауариждердің көпшілігі Нәжд халқынан құралған. Хауариждер – бүгінгі таңдағы уаһабилердің аталары болып табылады.

Пайғамбарымыздың  (с.ғ.с.) заманында шайтан кейбір сахабаларға көрінген және әрдайым Нәжд жақтан келген бір шал кейпінде болған. Одан кейінгі кезеңдерде бұл аймақтан жалған пайғамбар Мусәйләмәтул Кәззәб шықты. Мусәйләмә өзіне ергендермен бірге мұсылман әскеріне қарсы соғысқан. Демек, жалпы тарихта Нәжд халқы әһли сүннет жамағатына қарсы шығуымен танымал.

Ислам әлемдік діндердің ішіндегі Алланың бекіткен хақ діні болғандықтан барша асыл құндылықтарды қамтыған.  Асыл дініміздің алғашқы әмірі «Оқы» деп басталуы шариғатымыздың әуелгі қатарда барша адам баласын білімділікке үндеу, білімсіздіктен қайтару екенін байқаймыз. Сол арқылы адамзат қоғамына зиянды, пайдасыз істердің барлығынан қайтару ақиқат дінінің мұраты болып саналады.

Алланың елшісі Мұхаммед с.а.у хадистерінде ұят турасында: «Адамнан ұялмаған Алладан ұялмас», «Ұят қай жерде болса, сол жерді көркейтпек» деп сипатталады.

Ислам дінінің өрісі кеңейіп, түрлі тайпа мен қауым өкілдері арасында тарала бастаған уақытта, мұсылмандарда үнемі дінге қатысты азаматтық, қылмыстық, экономикалық, саяси мәселелерге байланысты сұрақтар туындап отыратын. Соның әсерінен қоғамдағы түрлі әлеуметтік түйіткілдерді ретке келтіріп отыру үшін Құран мен сүннетке сай келетін заңнамалық жүйе қалыптастыру қажеттілігі алға шықты. Уақыт өте Құран мен сүннетке сай келетін заңнамалық жинақ бір сөзбен – шариғат (тура жол, тура бағыт) деп аталып кетті. Шариғаттың іс жүзінде көрініс таба бастаған кезден бастап мұсылмандардың күнделікті өмірлеріндегі жүріс-тұрыстарын жан-жақты толық қамтыды.

Исламның құқықтық нормаларындағы бірқатар тыйымдар мен белгіленген шектеулер – қоғамның сан саласында өз жемісін беретін құнды заңдылықтар. Осы тектес тыйымдардың барлығы Алла Тағаланың белгілеп берген өмір сүрудің дұрыс нормалары екенін білеміз. Ендеше, ислам қағидаттарындағы соншама көп тыйымдар мен әртүрлі амалдарға байланысты белгіленіп қойылған шектердің астарында жеке өміріміз бен әлеуметтік қоғам үшін аса қымбат құндылықтар жатарында еш шүбә жоқ.

Асыл дініміз Исламның рухында адамзат қоғамына қажетті барлық асыл қасиеттер жинақталған. Сол арда құндылықтардың бірі – ата-анаға деген құрмет. Яғни, қасиетті дініміз, мына жалған дүниедегі ең жақын адамдарымызбен қалай сыйласу керектігінің озық үлгісін, Аллаға ұнамды түрін он төрт ғасыр бұрын өнеге ретінде қалдырған.