14
Сейсенбі,
Мамыр

һижри

Сүйікті бауырлар! Қандай бір жақсы іс болса пайғамбарымыз (с.ғ.с.) соны қалдырмастан біздерге көрсетіп кетті. Сонымен қатар, қандай да бір жамандық болса содан біздерді сақтандырып кеткендігі белгілі.

Бірде ардақты Алла елшісі (с.ғ.с.) сахабаларымен сұхбат құрып, оларға керемет бір оқиғаны баян етті.

Ұлттық намыс – адам баласына тән игі қасиеттердің бірі. Әр адам – аталмыш сипатты әр түрлі дәрежеде, сәйкесінше өзіндік пайым-парасатымен түйсінеді. Осыған орай, мемлекет басшысы Н.Назарбаев ұстанған сарабдал саясатының ұлтаралық қатынасты реттеуде, демократиялық ел болып қалыптасуда, мәдениетіміздің кеңінен дамуында ықпалы зор.

Қазақстан – сан түрлі тілдер мен мәдениеттер тоғысқан көпұлтты мемлекет. Тағаттылыққа негізделген ұлтаралық бірліктің бірегей қазақстандық формуласын әлем елдері мойындады. Сыйластыққа, төзімділік пен қолдау көрсетуге Ислам діні де ерекше көңіл бөледі.

Ардақты Алла Елшісі (с.ғ.с.) бірде сахабаларымен мәжіліс құрып отырып: «Кімде-кімнің үш қызы болып, оларды асырауға, қиыншылықтары мен қуаныштарына төзіп сабыр етсе,  Алла Тағала ол адамды қыздарына рақымдылық танытқаны үшін жұмаққа кіргізеді», – деп айтады. Сонда сахабаларының бірі: «Уа, Алланың Елшісі! Егер екі қызы болса ше?» – деп сұрайды. «Екі қызы болса да солай», – дейді Пайғамбарымыз (с.ғ.с.). «Ал, егер бір қызы болса ше?» – дейді бір сахаба. Алла Елшісі (с.ғ.с.) сонда: «Бір қызы болса да солай», – деп жауап берген екен[1].

Қоғамымызда айрандай ұйыған береке-бірлігіміздіз үшін сәт сайын шүкір етіп, Жаратқанға мадақ айтқан мұсылмандардың қатары көбейіп келе жатқаны көңілді қуантып, сана түкпіріне «Мәңгілік елдің» болашағына деген сенім отын жағады. Дегенмен соңғы жылдары діни бостандық пен сенім еркіндігін желеу еткен әсіре діни ұйымдардың экстремизм мен терроризмдік пиғылдарының бар екенін тиісті құзырлы мекемелер растап отыр.

ҚҰРМЕТТІ МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕР!

Сіздер кеше ғана мектеп табалдырығын имене аттап, тарыдай болып еніп, бүгінде, міне, таудай талаппен, кезекті бір кезеңге қадам басқалы отырсыздар.  Ұлағатты ұстаздарыңыздың алақанында он бір жыл білім нәрімен сусындадыңыздар.

Тыныштық – әрбір мемлекеттің баянды болашағы үшін аса маңызды фактор. Хақ дініміздегі «Ислам» сөзінің өзі бейбітшілік, Алланың заңдарына мойынсұну, бағыну дегенді білдіреді. Сол тыныштықтың қадірін білмеу кейбір елдердің тағдырына тікелей ықпал етіп, саяси, экономикалық және рухани күйреуіне, халқының тоз-тоз болып құлдырауына әкеліп соқтырып жатқанын білеміз. Ендеше, 130-дан астам этнос өкілдері тұратын елдегі тыныштықтың қадірін бағалап жүрміз бе?

Исламға қатысты ұғымдар ішінде ел арасында көп талқыға түсіп жүрген сөздің бірі – жиһад. Бірі жиһадты қантөгіс десе, енді біреулер нәпсімен күрес деп ұғынады. Дегенмен, жиһад ұғымын соғыс деген суық сөзбен байланыстыру адам санасында Ислам жайлы жаман ой қалыптастыратыны анық. Адамзат баласына ақырғы әрі ақиқат дінді жеткізуші Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бірнеше мәрте мәрте жиһад жасап, қолына қару алғаны шындық. Сира кітаптарындағы Бадр, Ухуд, Хандақ, Ахзаб деген сияқты шайқастар бұған дәлел.

Әрбір  өркениеттің,  әрбір  ұлттың  өзіндік дүниетанымы  бар.  Түрлі  халықтардың  тарихын зерттеген  ғалымдар  жер  бетінде  ешқашан  дінсіз, наным-сенімсіз ел болмағандығына анық көз жеткізді.Адамзат  түрлі  халықтардан,  ұлт  пен  ұлыстан тұрады. Әрқайсысының өзіне тән ұлттық ерекшеліктері, тілі  мен  дәстүрі,  діни  нанымдары  бар.  Мұндай  алуан түрлілік Алла Тағаланың хикметі. Алла тағала Құран кәрімнің «Хужрат сүресінің 13 – ші аятында былай  дейді:

Біз – төл діні мен ділі, тамыры терең құндылықтары, сүйенер, қуат алар бай рухани мұрасы бар иманды халықпыз. Бабаларымыздың Ислам дінінен қуат алып, қастер тұтып, атадан балаға аманат қылып, жүрекке дарытып келген асыл қасиеттері көп-ақ. Мал-мүлкі мен дәулетінен дінін, иманын жоғары бағалаған қазақ: «Алла деген ар болмас, ақтың жолы тар болмас» немесе «Ер жігіттің үш байлығы бар: бірінші – иманы, екінші – ырысының тұрағы, үшінші – дәулетінің тұрағы» деп аталы сөз қалдырған.