14
Сейсенбі,
Мамыр

һижри

Сүйіспеншілік дегенде, біз мұнда жастардың айтып жүрген күйдім-сүйдімін айтайын деп отырған жоқпыз. Біз түсінушіліктің, ымырашылдықтың, яғни отбасын бақытқа жетелейтін бес жолды, тәсілді түсіндірейін деп отырмыз. Бірақ, бұны басқаша әдіс-тәсілмен түсіндіреміз.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) сапарға шыққанда жағдайы төмен сахабаны екі бай кісіге серік етіп қосады екен. Осылайша, əл-ауқатты екі кісі кедейдің ас-суын мойнына алса, кедей ол екеуіне қонатын жерін қамдап көмектесетін көрінеді.

Бүгінгі таңда бірқатар медициналық институттар мен ғылыми орталықтарда хижаманы халықтық емдеу әдісі ретінде зерттеуде. Ғаламтордан да бұл ғажайып емдеу тәсілі жайлы мағлұматтар көп. Назарларыңызға араб тілді ислам сайттардағы хижама жайлы көлемді мақаланың ықшамдалған түрін ұсынамыз.

Құран Кәрімде «уәжһ» (وَجْه) сөзі көпше түрде 38 рет келген. Алайда, оның бірі де Алла Тағаланың затына қатысты айтылмаған. Сондай-ақ, 34 жерде жекеше түрде келіп, оның 11-і ғана Алла Тағалаға қатысты берілген.

Ислам ғалымдары: «Мұсылманның үш қорғаны бар. Олар: Алланы зікір ету, Құран оқу және мешіт», - деген екен. Иә, мына дүниеге адамзатпен бірге малғұн ібілісті де жұмақтан түсірген кезде Алла Тағала: «Бір-біріңе дұшпан болыңдар»,- деп ібілісті адамға, адамды ібіліске дұшпан етті.

Ескендір Зұлқарнайын жорықтан оралғанда ең əуелі ұстазына, кейін ата-анасына сəлем беруге баратын көрінеді. Мұның сырын сұрағандарға, ол: «Ата-анам менің аспаннан жерге түсуіме, дүниеге келуіме себепкер. Ал, ұстазым жерден аспанға, яғни жəннатқа кіруіме себепші» деген екен. «Таяқты əліп деп үйреткен» ұстазды құрметтеу қазақтың қанына сіңген қасиет еді. Өкінішке қарай, ғаламторда мұғалімді мазақ еткен оқушылардың бейне ролигіне куə болдым. Бұл – білім күні қарсаңында. Содан еріксіз қолға қалам алдым.

Бүгінгі таңда тек өздерін ғана «шынайы мұсылманбыз» деп, өзгелердің барлығын, «кәпір» есептейтін адасқан ағымның бұғанасы беки қоймаған жастарымыздың санасын улап жатқандығы ешкімге де жасырын емес.

Бір жігіт сұрақ қойды. Есімі Дипломбек екен. Айтайын дегенім, таңсық есімі мені ерекше назар аудартты. Самит, Аргентина, Съез, Колхоз, Марлен, Марклен, Дипломбек... Мұнан бөлек те ел ішінде құлақты елең еткізетін салтымызға да, санамызға да сәйкеспейтін есімдер жетіп жатыр.

Имам Ахмад ибн Ханбал (р.х.)-ның заманында бір топ ілім жолында жүрген шәкірттер қажылық сапарына аттанғалы жатқан еді. Имам Ахмад олардың әрқайсысына жіті көңіл бөліп, ұлы сапарға қаншалықты дайын екендіктерін тексере бастады. Сөйтсе барлығы жолға қажетті азық пен пұлды әзірлеп, тек ішінен біреуі ғана еш дайындық жүргізбегенін байқайды. Имам Ахмад мұның себебін сұрағанда:

Зекет – Исламның бес парызының бірі. Дініміздің негізін құраушы бес тіректің бірі. Зекет араб тілінен аударғандакөбею, тазару деген мағынаны білдіреді. Сондықтан, мал-дүниесінің ақысын, зекетін берген адамның дәулетіне берекет кіріп, көбейе түседі. Мал-дүниесі адал болып, харамнан тазарады. Мәселен, жеміс ағашынан көп және дұрыс өнім алу үшін оның қажет емес бұтақтарын уақытында қырқу маңызды. Сырт көзге ағаштың бұтағы көп болған сайын жемісі де мол болатындай көрінуі мүмкін. Алайда, жеміске баратын нәрді ретсіз өскен артық бұтақ сорып, жеміске зияны тиеді.

Соңғы жылдары елімізде дәстүрлі Исламдағы Ханафи мәзһабын мойындамайтын «сәләфия» деп аталатын ағым бой көтергендігі мәлім. Олар бұрынғы Ислам ғұламалары талқыға салып, ара-жігін айқындап қойған көптеген діни қағидаларды бүгінгі қоғамда өзекті мәселеге айналдырып, діни сауаты төмен, қарапайым халықтың басын қатырып жүргендігі белгілі. Бұл ағымдағылар өздерін «сәләфтардың жолын ұстаймыз, біздікі ғана дұрыс» дейді. Осы орайда, сәләфтар дегеніміз кімдер? Өздерін сәләфилерміз деп жүргендер шынымен сәләфтар ма? Осы мәселеге тоқталсақ.