15
Сәрсенбі,
Мамыр

һижри

Алла Тағалла адамзатты жоғары деңгейде жаратты. Оған сансыз нығметтерді, сарқылмас жақсылықтарды нәсіп етті. Және де сол нығметтер мен жақсылықтар арқылы оны басқа жаратылған мақұлықаттардан  абзал етті. Егер пенде шүкір етсе, оған нығметтерін арттыратындығын уәде етіп, бойұсынса олардың жалғастығы мен бақилығына кепілдік берді. Құранда Алла Тағала:  «..Егер шүкір етсеңдер, оны арттыра беремін»,[1] – дейді.

Асыл дініміз ислам – әуелі тазалықтың діні. Сондықтан да дінді – мәдениет деп қарау осындай адамзатқа ортақ элментерден қалыптасса керек. Кейбір ғалымдар діндегі тақуа адамды – мәдениетті я парасатты адам деп түсіндіреді. «Күмәнсіз Алла тәубе етушілер мен таза болушыларды жақсы көреді» («Бақара», 222-аят) десе, «Алла Тағала – таза және тазаларды сүйеді», - деген хадис те бар(Тирмизи жеткізген). Демек, тазалықтың орыны – ислам да жоғарғы категориялардың бірі. Пайғанбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.), «Дін – бұл тазалық»,-деп бұйырады. Осы жерде тазалықтың тек гигеналық тазалық деп кембағал қабылдауға болмайды. Мәселен, мен, өз субъективті көзқарасыммен мындай тұжырымға бөлдім: бірінші, жан тазалығы; екенші, тән тазалығы; үшінші ар тазалығы деп үшке жіктеп, жеке-жеке қарастыруды жөн көрдім.

Кеңес дәуірінің қылышынан қан тамып тұрған зұлмат заманда қаншама халық қазақ даласынан пана тапты. Олар ұлты да, діні де басқа жұрт еді. Бірақ, адам баласы. Бүгінде, олар қазаққа шексіз қарыздар екенін сөзімен де, ісімен де білдіруде. Міне, сол тағдыр тәлкегімен қазақ топырағына ат басын тіреген сол халықтар ұрпағы осы жерде туып өсуде. Талай халыққа Қазақстан отан болды.

Жаһандану жағдайында еліміздің ұлттық және мемлекеттік бірегейлігін сақтау үшін өзіміздің ұлттық және рухани құндылықтарымызды жаңғырту, діліміз бен дінімізді тану заман талабы. Елбасы Н.Ә. Назарбаев егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн екені туралы ойын «Тарих толқынында» шығармасында ашық айтқан болатын.

Қонақжайлық – қазақ халқының бағзыдан келе жатқан өнегеге толы ұлттық салт-дәстүрінің бірі. Сонымен қатар, бұл дәстүр адамдар арасындағы түсіністік, бір-біріне деген құрметті, ағайындар ара қамқорлықты білдіретін, кісінің адамгершілігін, имандылығын шыңдайтын жақсы қасиет. Тіпті адамдардың иманын таразылайтын өлшемдердің бірі деп айтуға да болады. Себебі, бұл амалдың өзегінде асыл дініміз Исамның арда құндылықтары жатыр. Адамдарды нәсіліне, тіліне, дініне, ұлтына, ұлысына бөліп-жармай, ықылас пейіл көрсетіп, өз дастарханынан ас-дәм беру қонақжайлықтың басты белгісі.

Еліміздегі діни ахуал жайлы сөз қозғағанда, Елбасымыз, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің мына бір тағылымды сөзі ойға оларады: «…Бізге төзімсіздік немесе діни фанатизм жат. Бұл рухани дәстүр, бұл қандай шеңберде болмасын Құдайдың Сөзіне деген ашықтық. Бұл – Қазақстандағы конфессияаралық келісімнің ең маңызды негіздерінің бірі. Біз әлемге өзіміздің толеранттығымызбен, ұлтаралық, конфессияаралық келісім мен диалогты сақтауымызбен танылдық. Біздің еліміздің өскелең дүниетанымдық әлеуеті бұдан әрі қарай да сақталуға, дамуға тиіс». Ұлт көшбасшысының пікірін бойынша, еліміз қоғамындағы, ұлт тарихындағы рухани тұғыр тек қана тіл, мәдениет, тарих қана емес, дін негізінде де қалыптасқандығын аңғарамыз.

Қазіргі таңда шыны керек, қоғамда ар, ұят, иман деген құндылықтар азайып бара жатыр. Ол рухани, адами тұрғыдан болсын немесе жүріс-тұрыс, киім-киіс тұрғысынан болсын. Осыдан небәрі он бес, жиырма жыл бұрын,ел, қысқа етек киіп, жалаңаштанған қыз баласын көрсе, бетін шымшып, бұның ұят екенін, бұлай киінгеннің ұятсыздық екенін меңзеп, үлкен кісілер: «Қарағым, мұның ұят емес пе?! Тыртитып киіп алғаның не?» «Не мата жетпей қалды ма?» деп сөгіп, ұрысатын-ды. Естеріңізде ме? ондайларды мектепте де ата-анасын шақыртып, өзін бүкіл оқушылардың алдына шығарып жиналысқа салып, ұрысып, ескерту беріп, бетін қызартып жататын.

Пайғамбарымыз Мұхаммедті (ﷺ) өзінің азат еткен құлы Саубан (р.а) қатты жақсы көруші еді. Алыс жүрсе, сағынатын. Ол бірде  Алла Елшісінің (ﷺ) құзырына жүздері қызарып, қол-аяғы дірілдеп кіріп келді. Пайғамбарымыз (ﷺ) Саубанның бұл кейіпін көріп, себебін сұрады.

Асар– ертеден келе жатқан халқымыздың озық әдет-ғұрпы, бір-біріне ақысыз көмек көрсету, көпшіліктің көмегін пайдалану дәстүрі. Халқымыз  қол күшін керек ететін, көпшіліктің қатысуымен іске асатын үй салу, қой қырқу, тай таңбалау, киіз басу, егін ору, шөп шабу тәрізді қауырт жұмыстарды көптің күш-қайратымен, көмегімен тез атқару үшін ру басының, үй иесінің ауылдастарын, туған-туыстарын шақырған. Осылайша бірлесе білек сыбанып, «жұмыла көтерген жүкті» асар деп атаған.

немесе жат ағымды ажырату әдісі

 

Жүрегімдегі сенім қате деп біреудің айтуы екі талай. Одан да өзгені адасқан деу әлде қайда оңай. Ал, дұрыс пен бұрысты ажыратуға көбіне білім жете бермейді. Есесіне, «ақылшы ұстазсымақтар» бар. Міне, солардың сөзін құптаушылар баршылық. Ақиқатты, тек сол «ұстаздар» ғана айтады деген фанатизм басым. Исламның теңіздей ғылымын сол тобырдың сөзіне сыйдыра салу және солардың пікірмен ғана өлшеу неткен дәрменсіздік. Әңгіме «Біз – салафпыз» деп жүргендер жайлы болмақ. Кеше оларды «уахаби» десе, тарихтағы алғаш атаулары «Хауариж». Олар әр заманда қоғамға бейімделу үшін атауларын өзгертіп отырған. Алайда, ұстанған бағыты мен тәсілі бір. Сол қалпында сақталған. Сондықтан да оларды ажыратып алуға болады.

Бүгінде кейбір жастарымыз, танымайтын кісі былай тұрғанда, таныс кісілердің өзіне «қалыңыз қалай», «сәлем, көке» деп қана амандасуының өзі жаныңды ауыртады. Олардың «Ассаламуғалайкум» деп ата жолымен сәлем беруге жарамай бара жатқаны қынжылтады... Бұл, әсіресе, қалалы жерлерде көп ұшырасатын үрдісҚазақ дәстүрлерінің көбісі Ислам дінінің негіздері мен құндылықтарынан алынғаны мәлім. Халқымыздың сәлемдесу дәстүрі де ата дініміздің арда құндылықтарынан арқау алған.