24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Ең үлкен соққы дұшпаннан емес

Ең үлкен соққы дұшпаннан емес

Иман келтіру

Ең үлкен соққыны үнемі ең жақындарымыздан аламыз. Себебі, «қорғаныс жүйеміз жақындарымызға емес, дұшпандарымызға қарсы құрылған» дейді, келісесіздер ме?

Адамдар тек шайтанды дұшпан көріп, іштеріндегі нәпсілерін ұмытып кете береді. Негізінен іштен шайтанға есік ашып беретін – нәпсі. Қазақтың «Іштен шыққан жау жаман» деуінің мәнісі осы.

Сондықтан да, дінімізде шайтанға қарсы күрестен бұрын, ішкі нәпсімізбен жұмыс істеп, оны тізгіндеп, тәрбиелеу өсиет етілген.

Іштегі жау кісенделгеннен кейін, сыртқы жаумен соғысу да әлдеқайда тиімді әрі нәтижелі болмақ.

Біздер көбіне ішкі жауды елемей, сыртқы жауға көбірек назар аударамыз. Сөйтіп, барлық күш-қуатымыздан айрылып, берекетіміз қашқанда, ішкі жау «іштен шалады». «Жау жағадан алғанда, бөрі етектен алады» деген сөздің кебін сонда киген боламыз. Осы айтқандарымыздың бәрін Шал ақын былай деп қысқа қайырады:

Иман​ – қой, ақыл – қойшы, нәпсі – бөрі,

Бөріге қой алдырмас ердің ері.

Таяқты қатты ұстап қойшы тұрса,

Жоламас ешбір пәле, шайтан-пері.

Демек, ақылды дұрыс жұмсап, нәпсіні тізгіндей алсақ, еңбек жемісті, күрес жеңісті болмақ.

 

ummet.kz

Бөлісу: