23
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

1 минутта жасалатын 9 жақсы амал

1 минутта жасалатын 9 жақсы амал

Иман келтіру

Адамзат баласы өзінің қашан бақилық болатынын білмейді, сол себепті қымбат уақытымыздың бір минутын да құлшылықсыз өткізбеуге әрі Алланың жомарт сыйынан құр алақан қалып қалмауға тырысайық.

1. Алланы дәріптеу

Алла Тағаланың адам баласына нәсіп еткен шексіз нығметтері үшін Алланы дәріптеуге 1 минут уақытыңызды жұмсаңыз. Бір минуттың ішінде 100 мәрте «СубханАллахи уа бихамдихи» деп зікір айтуға болады. Алла Елшісі (ﷺ) кімде-кім күніне 100 рет осы зікірді айтатын болса, оның күнәсі теңіздің көбігіндей көп болса да кешірілетіндігін айтқан болатын.

2. «Әл-Фатиха» сүресін оқу

Бір минуттың ішінде «әл-Фатиха» сүресін 3 рет айтып шығуға болады. Осы сүрені оқыған  мүмінге 600-ден артық жақсы амал жасағандай болып жазылады.

3. Алладан кешірім сұрау

Жасаған қателік, кемшілік, күнәларымыз үшін Алладан кешірім сұрап, тәубемізге келу – ешқашан кеш болмайды. Алла Тағаланың кешірім беруін тілеп, бір минутта «Астағфирулла» зікірін қанша рет айта алсаңыз, сонша рет айтыңыз.  Алладан жиі кешірім сұрау – екі дүниеде де пайда әкелетін амал.

4. Құранның үштен бірі

Бір минутта «Ықылас» сүресін шамамен 20 рет оқып шығуға болады. Алла Елшісінің (ﷺ) айтуына қарағанда, «Ықылас» сүресі Құранның 1/3. Ендеше, «Ықылас» сүресін айту арқылы, бір минутта Құранды 7 мәрте оқып шыққандай сауап алуға болады!

5. Алла Елшісіне (ﷺ) салауат айту

Екі дүние сардар Пайғамбары, адамзаттың асылы Пайғамбарымыз Мұхаммедке (ﷺ) салауат айту үшін бір минутыңызды бөліңіз. «СаллАллаху алейхи уа саллям» деп айтуыңыз арқылы Алла Тағаладан екі есе сауап алатын боласыз.

6. Зікір

Мысалы үшін, ең қысқа зікір «Лә хауля уа лә куввата илля билляһ» деп айту ең кішісі – уайым болып келетін 99 сырқаттың шипасы болып табылады. Осы дұғаны үнемі айтып жүретін адам жан қайғысы мен сырқаттан арылатын болады (Әбу Хурайра).

7. Кішігірім жақсы амал

Адамның жүретін жолында жатқан кедергіні алып тастау арқылы, сіз сауапқа кенеле аласыз. Өйткені бұл – жақсы амал болып жазылатын болады.

8. Алланың нығметтері жайлы ойлану

Алла Тағаланың өзіңізге берген шегі жоқ нығметтері жайында ойланып, Оған разылық танытуға бір минут уақытыңызды бөліңіз. Алланың қалауынсыз, сіздегі  бар нығметтің біріне де қол жеткізе алмас едіңіз. Аллаға шүкіршілік танытып жүріңіз, сонда Ол сіздің несібе-ризығыңызды арттырып отырады.

9. Дүниедегі ең жақсы сөз

Бұл дүние мен ақирет өмірдегі ең жақсы сөз «лә иляха илля-Лла» (Алладан басқа құдай жоқ) болып саналады. Бір минуттың ішінде бұл сөзді 50 немесе одан да көп рет айтуға болады. Егер адам жан тапсырар сәтінде осы сөзді айтып қайтыс болса, Алланың мейірімімен, ол міндетті түрде Жәннаттық болады.

ummet.kz

Бөлісу: