12
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Алланың көмегіне ие болу үшін Оған адал болыңыз!

Алланың көмегіне ие болу үшін Оған адал болыңыз!

Иман келтіру

Жер бетінде байлықты сүймейтін адам жоқ шығар. Кім де болсын барын салып, бай болуға ұмтылады. Кейбіреулері қолын қусырып, табысты бола алмайтындықтарын мойындайды.

Барша адамның арманы болған байлық адамдарды таңдап, талғап қонатын бақ құсы сияқты жүздің, тіпті мыңның біріне ғана бұйыратын игілік сияқты. Көп адамның проблемасы ақшаға, қаражатқа келіп тіреліп жатады. Байлық жақсы, бай болу, сол байлыққа иелік ету одан да жақсы. Ал шын мәнінде ақша табу – ең оңай шаруа. Егер сіз сүйікті ісіңізбен айналыссаңыз, сізге ақша өздігінен келе береді. Қалай дейсіз ғой?! Мәселен, үйден бәліш не тоқаш пісіріп, сатыңыз, ол да ақша. Тек сізді жалқаулық басып, ерінбеуіңіз керек. Жалқаулықты тастап, өз қабілетіңізді іске асырсаңыз ғана ақша табудың жолдары ашыла бастайды.

Ал сіз ақша туралы ойға байланып қалсаңыз, онда ол мәселе өмір бойы шешімін таппауы мүмкін. Иә ақшаның қадірін біліп, құрметтеу керек шығар, бірақ ақшаны жақсы көрмеу керек. Ешбір адам өзінің болашағын болжай алмайды. Жасаған қадамының сәттілік әкелетіндігіне жүз пайыз сенімді де бола алмайды. Бірақ, ол барлық нәрсеге қауқарсыз болса да, оның Раббысы барлық нәрсені Жасай алушы. Тек Оның көмегіне қаншалықты лайықсыз? Өзіңіздің тарапыңыздан тиісті болған нәрселерді жасадыңыз ба? Осы екі мәселені шешу керек адам, ол – сіз. Алланың көмегіне ие болу үшін Оған адал болыңыз. Оған тәуекел ету үшін қолыңнан келген барлық мүмкіндікті жасаңыз.

ummet.kz

Бөлісу: