26
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Иман мен амал арасындағы айырмашылық

Иман мен амал арасындағы айырмашылық

Иман келтіру

Ислам мәзхабтары арасында иман мен амалды бір ұғым ретінде, керісінше екеуінің екі басқа ұғым ретінде түсінілуі жайлы пікірталас бар. Муғтазила, Харижит, Зәйдия мәзхабтары мен кейбір ғалымдар амалды иманның ажырамас бөлігі ретінде қабылдап, жоғарыда айтып өткеніміздей амалды тәрк еткен кісіні мұсылман ретінде санамайтын да жағдайға барды.

Ал Әһли сүннет ғалымдарының басым көпшілігінің көзқарастары амал иманның бір бөлігі емес дегенге саяды. Амал мен иман екеуі екі нәрсе болғандықтан, жүрегінде иманы бар және оны тілімен айтқан кісі мұсылман болады. Мұндай жағдайда, әлгі кісі амалды тәрк еткендігі үшін кәпір болмайды, тек күнәһар мумин болады. Қайталап айтамыз, соңғысы әһли сүннет ғалымдарының пәтуасы. Ақылға қонымдысы да осы. Ендігі жерде амалды иманның бір бөлігі деп санаған мәзхабтардың дәлелдеріне тоқталалық.

Амал иманның бір бөлігі дегендердің дәлелдері Амал иманның бір бөлігі деген Харижит, Муғтазила, Зәйдия және Сәләф ғалымдары өздерінің дәлелдерін аят пен хадистен келтіреді.

1) Құран Кәрімнің көптеген жерінде иман мен амал бірге айтылған (иннәлләзина әмәну уә амилус салихат). Осылай бірге айтылуы ол екеуінің бір нәрсе екендігіне дәлел болады. Яғни, бұл екі ұғым ет пен сүйек секілді бірбірінен ажырамайды.

2) Мұсылмандар алғашқыда құбыла ретінде Мәсжидул Ақсаға бет бұрып намаз оқитын. Кейіннен «Бақара» сүресінің 144-аяты түскеннен соң құбыла Қағбаға ауысады. Осы оқиғадан кейін кейбір мұсылмандар Пайғамбарымызға келіп: «Бастапқыда Мәсжидул Ақсаға қарап намаз оқып, құбыла өзгерместен дүниеден өтіп кеткен бауырларымыздың намаздары қалай болар екен?», - деп сұрайды. Бұған жауап ретінде аят түседі: «Алла имандарыңды жоймайды» (2.Бақара-143). Осы аяттағы иман сөзі намаз орнында қолданылып тұр. Сондықтан намазды, яғни амалды иманмен теңегендіктен амал мен иман екеуі бір нәрсе болады. Кім амалды тәрк етсе, иманы жарамсыз болып қалады.

3) Пайғамбарымыз бір хадисінде: «Мунафиқтар мен біздің арамыздағы уәде, парық - намаз. Кім оны тәрк ететін болса, кәпір болады» (Тирмизи, Таж, 1) – деген. Амал иманнан бөлек нәрсе болғанда намазды тәрк еткен кісі тек қана күнәһар болуы тиіс еді. Бірақ, бұл жерде кәпір деп нақты айтылып тұрғандықтан, амал иманның бір бөлігі екендігіне дәлел болады.

4) Басқа бір хадис шәрифте: «Зина еткен кісі мумин бола тұрып зина етпейді. Ұрлық істеген кісі де мумин бола тұра ұрламайды. Ішкілік ішкен кісі де мумин бола тұра ішпейді» (Муслим, Иман – 100) делінеді. Бұл хадис Иман негіздері 85 - иман мен амалдың бір екендігін білдіреді. Егер иман мен амал бөлек нәрсе болғанда адамның зина еткен, ұрлық жасаған және ішімдік ішкен кезінде мумин болуы керек еді. Бірақ бұл амалдарды жасаған кезінде адам мумин ретінде жасамайды деп түсіндіреді.

материал «Иман негіздері» кітабынан алынды

ummet.kz

Бөлісу: