10
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Жақсы ниетке де сауап бар

Жақсы ниетке де сауап бар

Иман келтіру

Кейде адам ауырып, кейбір амалдарды орындай алмай қалса да ниетіне қарай амалды жасағандай болады. Амалды жасағандай болуы сауапқа ие болғаны.

Алла елшісі бір соғыста болған кезінде: Әнастан келген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.) айтты: «Сендер Мәдинада бір қауымды тастап кетіп бара жатырсыңдар, сендер қанша жер жүріп, артта қалдырсаңдар да, қанша садақа берсеңдер де олар сендермен бірге». Сахабалар: «Уа, Алланың елшісі, қалайша олар  бізбен бірге бола алады, олар Мәдинада емес пе?» деді. Пайғамбарымыз (с.а.у.): "Олар үзір (себеп) болғандықтан шыға алмады" деді.

Хадисте көріп тұрғанымыздай, пайғамбарымызбен (с.а.у) бірге жорыққа шығуды қалаған кейбір мұсылмандар үзір (себеп) болғандықтан шыға алмай қалған. Дегенмен мұсылмандармен бірге болуды ниет еткендіктен солардың амалындай сауап жазылады.

Ниетте негізгі шарт - ықылас. Ықылас болмаған барлық істің ешбір маңызы жоқ. Ниетінде тек Алланың разылығын алуды көздесе, әрбір әрекетінен сауапқа ие болады. Ықылас жоқ болған амалдар ешбір пайда әкелмейді. Адамның әрбір істеген істерінің қандай ниетте болғаны сұралады. Жасаған амалдарын қандай мақсатта істегенінің есебі сұралады. Алла елшісі (ﷺ): «Қиямет күні Алла Тағала дүние тіршілігінде айтқан уағызын қандай мақсатта айтқанына дейін сұрамайтын ешбір пенде болмайды». Негізгі мақсатың не? Қандай ниетпен сөйледің? Алланың разылығын алуды ма әлде халықтың көзіне түсу үшін бе? деген сұрақтар қойылатын болады.

Ниеттің сыншылдығы жайында тарих кітаптарында мынандай керемет оқиға бар. Бірде бір топ ұры үлкен керуен жайында естіп, сол керуенді тонауға жолға шығады. Зымиян мақсаттарына жетіп, күн батып уағдаласқан жерлеріне бара алмай қалады, ақыры сол маңдағы бір үйлердің бірінде түнемекші болады.  Шеткі бір үйдің есігін қағып, өздерін Алла жолында дін жайып жүрген адамдар ретінде таныстырады. Мұны естіген үй иесі қуана қарсы алып, бөлек бөлме дайындатқызып, ас әкеліп, асты-үстіне түсіп, қызмет жасайды. Сол үйдің туғанынан бір мешел баласы болады. Ертеңіне ұрылар кеткеннен кейін үйдің иесі әйеліне: «Бұл Алла жолында жүрген ізгі жандар дәреттерінен қалған суларын баламыздың денесіне жағып сипашы мүмкін олардың берекетімен Алла шипасын берер» деді. Әйелі айтқанын бұлжытпай орындайды. Кешке ұрылар бұрынғы әрекеттерін жасап, жұрттың көзінен таса болу үшін әлгі үйге қайтып келеді. Үйге қайтып келген олар өз көздеріне өздері сенбей біраз тұрып қалады. Кеше ғана төсекке таңылып жүре алмай жатқан баланың бүгін өз аяғымен жүргенін көреді. Олар үйдің қожайынына: «Кеше ғана балаңыз мешел еді, бүгін қалайша жүріп кетті» деп, таң қалысты. Үйдің иесі: «Иә, сіздердің шарапаттарыңыздан осылай болды дәрет алған суларыңыздың қалдығын алып, балама сүртіп едім, Алланың құдіретімен,  сіздердің берекелеріңізбен жазылып кетті, сіздер Алланың жолында жүрген оның сүйікті құлы емессіздер ме?!» деді. Әлгі адамның шынайы ниетіне тәнті болғаны соншалық, көздеріне жас келіп жылап жібереді, жылап тұрып былай деп  айтады: «Біз сен ойлағандай дін жаюшы Алланың сүйікті құлы емеспіз, біз анығында кісі өлтіріп, жол торыған қарақшылар едік. Алла балаңды сенің шынайы ниетің үшін ауруынан жазды».

Ақырында олар барлығы тәубесіне келіп, алған заттарын иелеріне қайтарып, басында үйдің иесіне өздерін таныстырғандай әлемнің әр тарапына Алланың дінін жаюға кетеді.

Алла Тағала баршамызды ниет, ықыласымыз тек Алланың разылығы үшін жасаған құлдарынан болуымызды нәсіп етсін!

ummet.kz

Бөлісу: