12
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Құпиялар жарыққа шығатын күн

Құпиялар жарыққа шығатын күн

Иман келтіру

«Ол күні сыр мен құпиялар жарық көреді» («Тариқ» сүресі, 9-аят).

Қиямет күні адамның  сырты ғана емес,  ішкі жан дүниесі де есепке тартылады. Жүрек амалдары таразыланады.

«Ал олар білмей ме? Қабірдегілер қопарылып шығарылған кезде. Көкіректегілер жарыққа шығарылатын сәтте. Ол күні Раббылары олардан толық Хабардар» («Адият» сүресі, 9-10-11 аяттар).

Егер адамның тек сыртқы амалдары ғана есептелетін болса, онда екіжүзділер   тез табысқа жетер еді. Өйткені, олар теу сыртқы әдемі істерге ұмтылатын, елге көрсету үшін ғана жасайтын. Жүректегі жасырын ниеттер жұртқа жария болмайтын. Бұл күні жүректер Жаратушысы бұйырғанда өзіндегі барды сыртқа шығарады.

Ол күні кеудесін таза ұстаған кісі ұятқа қалмайды. Тыққан жаман ойы мен бүккен арам пиғылдан ада адамның  мерейі тасиды. Амалын адал көңілмен, шынайы жанашырлықпен жасайтын жүректің егесі ғана бақыттан бал-бұл жанатын болады.

Алла бізге аппақ жүрек, пәк пейіл, кең кеуде әрі кіршіксіз көңіл нәсіп етсін!

ummet.kz

Бөлісу: