23
Сенбі,
Қараша

һижри

«Намаз оқиын десем ата-анам қарсы»

«Намаз оқиын десем ата-анам қарсы»

Иман келтіру

Асыл дініміз ата-ананың хақысына аса жоғары құрметпен қарайды. Тіпті, Алла Тағала олардың хақысын Өзінің хақысынан кейінгі орынға шығарған.

Олардың қабақтарына кірбің ұялатып, жүректеріне қаяу салатын «туһ» деген сөзді айтуға да тыйым салынады. Алайда Жаратушы Алла Тағалаға хақысына байланысты намаз құлшылығына келсек, бұл – әрбір адамның міндеті. Әке-шешеге бойсұнып, намазды тастауға болмайды. Бұл жерде Алланың хақысы жоғары тұрады. Бірақ әке-шешеге өте жұмсақтықпен сый-құрмет көрсете отыра намазды тастай алмайтындығын білдіруі қажет. Олар қанша ұрысып, зекіріп, ұрып-соқса да қарсы келуге тиым етіледі. Істеріне сабыр етіп, барынша көркем мінезбен мәміле жасау бұйырылған. Перзент ата-анасына Алладан тура жол, имандылық сұрап дұға етсін. Алла осылай жасаған пендесін жауапсыз қалдырмайды.

ummet.kz

Бөлісу: