25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

«Намаз оқуға ерінемін, таң намазына тұру қиын»

«Намаз оқуға ерінемін, таң намазына тұру қиын»

Иман келтіру

Намаз уақытты еш ысырап етпейді. Керісінше намаз күнделікті қым–қуыт тіршілік, алыс–беріс, барыс–келіс, оқу, жұмыс секілді мазасыздықтан адамды азат етеді.

Сөйтіп, жанын тыныштыққа кенелтіп, жүрегіне сабыр тапқызады. Бүткіл дене мүшелерін демалдырып, қан айналымын қалыпқа түсіреді. Әрі әрбір күніңіз бес уақытқа бөлінгендіктен керісінше уақытыңызды үнемді пайдаланасыз.

Ең бастысы ынта және оқимын деген шынайы ниет болу керек. Керісінше адам бойындағы еріншектік пен жалқаулықты жеңетін бірден-бір амал – намаз.

Таң намазына уақытылы тұру үшін күнделікті жататын уақыттан аздап ертерек ұйықтау қажет. Жатар алдын тамаққа тойып алмаған жөн. Дәретпен жатқаныңыз тән, жан саулығына пайдалы. Төсекке  жатарда Аллаға дұға жасаңыз. Сабаққа немесе жұмысқа оятып жүрген оятарды (будильник) пайдаланыңыз. Тіптен болмаса, намаз оқитын жолдасыңызға оят деп өтінсеңіз, қуана-қуана көмекке келер еді.

ummet.kz

Бөлісу: