31
Бейсенбі,
Қазан

һижри

Жәннаттағы ең ұлы игілік

Жәннаттағы ең ұлы игілік

Иман келтіру

Жәннаттықтарға нәсіп болатын ең ұлы игілік – Алла тағаланың разылығы. Әбу Сағидтан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте, Пайғамбар (с.а.с.): «Алла тағала Жәннаттықтарға: «Ей, жаннаттықтар!» – дейді.

Олар: «Ләббәй, уа, Раббымыз, біз Саған әрқашан шатпыз! Жақсылықтың бәрі Өз қолыңда!» –дейді. (Алла тағала): «Разы болдыңдар ма?» – дейді. «Уа, Раббы, разы болмай не бопты?! Расында, бізге ешбір жаратқаныңа бермегеніңді бердің!» – дейді. «Одан да жақсысын берейін бе?» – дейді. «Уа, Раббы, бұдан артық не нәрсе бар?!» – дейді. «Сендерге разылығымды жайластырамын және бұдан кейін сендерге ешқашан ашуланбаймын!» – деп айтады», – деген.

Сосын Алла тағала Жәннаттықтар үшін одан да ұлы игілігін көрсетеді. Пайғамбар (с.а.с.): «Жәннаттықтар жаннатқа кірсе, Алла тағала: «Сендерге бір нәрсе қосып беруімді қалайсыңдар ма?» – дейді. Олар: «Жүздерімізді ағартқан жоқсың ба? Бізді Жәннатқа кіргізіп, тозақтан құтқарған жоқсың ба?» – дейді. Сол кезде (Алла тағала Өзінен) пердені алады. Оларға Ұлы Раббыларына қараудан сүйікті еш нәрсе нәсіп болмайды», – деп, сосын: «Сондай жақсылық істегендерге жақсылық әрі артығы да бар», – деген аятты оқыған.

материал «Ақырет өткелдері» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: