26
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Келген қиындыққа қайғырма, бәлкім марапат болар

Келген қиындыққа қайғырма, бәлкім марапат болар

Иман келтіру

Рим империясын басқарған ойшыл патша Маркс Аурелиюс бір күні былай деді: «Бүгін көп сөйлейтін, құдайға қарсы шыққан менменшілдер мен өздерін ғана жақсы көретін адамдарды қарсы аламын. Бірақ, мен оларға таңқалып, таңырқамаймын да. Себебі мен бұл әлемді оларсыз елестете алмаймын», – деп өмірде жақсылармен қатар жамандар да болатынын мойындаған екен.

Теңізшілердің бірі Тынық мұхитта адасып, жиырма бір күн жоғалып кетеді. Кейіннен құтқарылып аман қалған соң, одан адамдар осы оқиғадан алған ең үлкен сабағы жайлы сұрағанда ол: «Егер таза су, жетерліктей асың болса, өмірге ешқашан наразылық білдірмеуің керек», – деп жауап береді. Бір кісі: «Өмір бір бөлік ас пен судан тұрады, ал одан басқалары артық нәрсе», – деген. Жонатан Суифт былай деген: «Расында әлемдегі ең абзал дәрігерлер: тәртіп, тыныштық, қуаныш. Тағамың аз болса да шаттық пен тыныштықта ішсең, осы пайдалы ем. Өйткені семіздік созылмалы ауруға, ал қомағайлық зеректікті жояды.

Тыныштық – жүрек пен жанның рахаты, ал шаттық пайдалы азық және қуаныш» деген екен. Сенің мойныңда киелі міндетің бар, ол – тағдыр тығырыққа тірегенде нәтижесі өзіңе пайдалы болуы үшін соған бойсұнып, наразылық танытпасаң, жақсылыққа қол жеткізесің. Басыңа түскен мехнатқа қайғырма, бәлкім марапат болар және сынаққа мұңайма, бәлкім сый болар. Доктор Самуэль Джонсон былай дейді: «Расында әрбір оқиғаның пайдалы, жақсы жағын іздеу бір жылда бір мың фунтқа ие болғаннан да қымбат» деп әрдайым істің жақсы жағын көре алу мол бақыт екендігін айтқан.

Пайғамбарымыз (с.а.с) алғаш дінді жайған шағында да жанында жүріп тура жолдың жалауын көтергендердің көбі кедейлер, қиындыққа душар болғандар және қарапайым адамдар еді. Ал жүрегі иманға кенелген осы ізгілерге қарсы күрескендердің көпшілігі беделді, бақуатты және танымал тұлғалар еді. Олар мүміндерге қарап: «Біздер дәулеттіміз әрі үрім-бұтағымыз мол.

Сондықтан да азапқа душар болмаймыз» деп дүние байлықтарымен мақтанып, даңдайсыды. Алайда ислам тарихында аттары қалған сол кедей сахабалар емес пе...

материал «Үміт сәулесі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: