Меню

10
Бейсенбі,
Сәуір
12
Шәууәл
1446 һижри

Жайбарақат жүремін деп Алланы ұмытып кетпеу

Жайбарақат жүремін деп Алланы ұмытып кетпеу

Иман келтіру

Әбу Ыдырыс әл-Хаулани әңгімелейді:

«Муаздың былай дегенін естіп едім: «Бір топ кісімен бірге отырғанда, олар әңгімеге айналып, Алланы ұмытқанын сезген сәтте, Аллаға жалбарынып, оны зікір ет».

Уәлид (р.а.) былай дейді: «Муаздың осы сөзін Абдуррахман ибн Язид ибн Жабирге айтқанымда:

– Мұны маған Әбу Талха мен Хаким ибн Динар да айтқан болатын. Адамдардың Раббысын ұмытып, қапы қалдыратын қамсыз тірліктің қамшысын өріп кеткенін көрген сәтте, Аллаға жүгініп, оны зікір ету дұғалардың қабыл болуына себеп болады, – деген еді»

материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: