22
Жұма,
Қараша

һижри

Тақуалық мына жеті нәрседе көрініс табады

Тақуалық мына жеті нәрседе көрініс табады

Иман келтіру

Әбу Ләйс Самарқанди: «Тақуалық мына жеті нәрседе көрініс табады»:

Тілінде. Алладан қорқу кісіні өтіріктен, жалған сөйлеуден, ғайбаттан, өсек айтудан, жала жабудан, қажетсіз сөздерді атудан сақтайды. Қайта тілін Алланы еске алуға, Құран Кәрімді оқуға және білім үйренуге жұмсайды.

Жүрегінде. Алладан шынайы түрде қорқу жүректен дұшпандықты, жала мен қызғанышты жояды. Себебі, қызғаныш –  жасаған жақсылықтарды жояды. Қызғаншақтық жүректегі ең үлкен аурулардың бірі екенін естен шығармаңыз.

Көзінде. Алладан қорыққан көз харам нәрселерге қарамайды. Дүниелік нәрселерге құнығушылық немесе ашкөздікпен емес, ғибрат көзімен қарайды. Өзі үшін халал болмаған нәрселерге ешуақытта көз тікпейді.

Асқазанында. Алладан қорыққан кісі ешқашан да харам ас ішпейді. Харам ас ішу үлке күнәларға жатады.

Қолында. Алладан қорыққан кісі қолдарын ешқашан харам нәрселерге салмайды. Тек Жаратушыға бағына отырып сауапты нәрселерге қол ұшын созады.

Аяғында. Алладан қорқушы аяқ тыйым салынған жерлерге және күнә істерге аяқ баспайды. Тек қана қайырымдылық, Алланың рызалығына лайық жолда, ғалымдармен және салихалы кісілермен бірге бол үшін жүреді.

Құлшылықта. Алладан қорқушы кісі құлшылығын және итағатын тек Алланың разылығы үшін жасайды. Рия және нифақтан (Аллаға қарсы келуден) сақтанады.

материал «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: