20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Адамның өз басына өлім тілемеуі

Адамның өз басына өлім тілемеуі

Иман келтіру

Әбу Һурайра (р.а.):

«Алла елшісі (с.ғ.с): «Ешбірің өзіне өлім тілемесін. Егер ол ізгі амалдар істейтін салиқалы жан болса, мүмкін, сауабын көбейтіп алар. Ал, егер күнәкәр болса, бәлкім, тәубесіне келіп, Алланың разылығына бөленер», – деп айтты», – деген (Бұхари, тәмәнни 6; Муслим, зикр 10).

Осы хадис имам Муслимнің риуаятында: «Ешбірің өзіне өлім тілемесін, ажалы жетпейінше өлім тілеп, дұға етпесін, өйткені өліп кетсе, амалы үзіліп (тоқтап)
қалады. Расында, мүміннің ұзақ ғұмыр кешуі, тек қана оның жақсылығын арттырады» – делінген (Муслим, зикр 13).

Әнәс (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі (с.ғ.с): «Ешбірің басына түскен ауыртпалыққа бола өзіне өлім тілемесін. Егер одан басқа амалы қалмаса: «Уа, Алла тағалам! Егер мен үшін өмір сүру қайырлы болса, ғұмыр бере гөр! Ал, егер өлім қайырлы болса, (аманат еткен) жанымды алғайсың», – деп айтсын» –делінген (Бұхари, марда 19/дағауат 30; Муслим, зикр 10).

материал «Хадистер жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: