22
Жұма,
Қараша

һижри

Пенде Алладан қорыққанда, күнәлар жапырақтай төгіледі

Пенде Алладан қорыққанда, күнәлар жапырақтай төгіледі

Иман келтіру

Кейбір данышпан кісілер былай дейді: «Денсаулықтың мықты болуы – аз тамақтануда, жан дүниенің тазалығы – күнәдан аулақ болуда. Діннің туралығы – Алла жаратқан пенделердің ең ұлығы болған Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбардың жақсы әдебінен үлгі алып өмір сүру.

Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді: «Уа, иман келтіргендер! Аллаға шын көңілден тағзым етіңдер және Оған қарсы келіп асы болудан сақтаныңдар! Әркім ертеңгі ақиреті үшін (не істеп, о дүниеге) не жолдағанына көңіл аударсын. Аллаға шын көңілден тағзым етіңдер және Оған қарсы келіп асы болудан сақтаныңдар! Шүбәсіз, Алла не істеп не қойып жүргендеріңнен толық хабардар»

Аяттың мазмұны төмендегіше:

Алладан қорқыңдар, оған мойынсұныңдар. Материалдық және рухани қиыншылыққа душар болғандарға жәрдем беріңдер.

Әрдайым Алла жолында болыңдар, қиямет күні оның сыйлығын аласыңдар. Себебі Алла Тағала сауап істеріңді де, күнә істеріңді де – бәрін түгел біледі. Періштелер, аспан-жер, күн-түн... – бәрі де пенденің жасағандары туралы куәлік береді. Тіпті кісінің өзінің дене мүшелері де өзі туралы куәлікке өтеді. Жер иманды және ықыласты пенделер жөнінде куәлік беріп: «Менің үстімде намаз оқып, ораза ұстап, қажылыққа барды», – дегенде, мүмин пенде соған қуанады.

Жер кәпір және күнәһарлар туралы «Бұл кісі менің үстімде Аллаға ширк келтіріп, зина жасады, ішімдік ішті, арам жеді» деп куәлікке өтеді. Қайырымдылардың қайырымдысы Алла Тағала қиямет күні имансыздар мен шектен шыққан күнәһарларды жасаған істерінің бүге-шігесіне шейін сұраққа алғанда, олардың жағдайы өте жаман болады!

Бүкіл дене мүшесімен Алладан қорыққан пенделер – бұлар мүминдер.

Имам Әбу Ләйс айтады: «Аспанның жетінші қабатында Алла жаратқан, Оған сәжде жасаушы періштелер бар. Алладан қорыққандықтан олардың жүрегі дірілдеп тұрады. Қиямет күні бастарын сәждеден көтеріп: «Уа, барлық кемшіліктерден таза болған Алла! Саған лайықты құлшылық жасай алмадық», – дейді. Алланың төмендегі аяты соған ишарат етеді: «Олар өздерінің жалғыз иелері – Раббыларынан шынайы түрде қорқады әрі өздеріне бұйырылғанды бұлжытпай орындайды» («Нахл» сүресі, 50)

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мынадай хадисі бар: «Пенденің денесі Алладан қорқып тітірегенде, күнәлар ағаштан түскен жапырақтай төгіледі» (Байхақи, 1/491; Хаким, Ән-Науадир, 1/395).

материал «Жүрек сырлары» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: