22
Жұма,
Қараша

һижри

Көршінің көршіге жасауы тиіс 10 жақсылығы

Көршінің көршіге жасауы тиіс 10 жақсылығы

Иман келтіру

Ислам дініндегі ғұламалар көрші ақысын немесе көршіге жасалатын жақсылықты төмендегідей жіктейді:

1. Сәлем беру және сәлем қайтару, көрші қонаққа шақырса бару;

2. Көршіге зиян тигізбеу;

3. Кейбір көршілерден келген қиындықты көтере білу;

4. Көршінің айыбын жауып, арын сақтау;

5. Қуаныш кезінде құттықтау, қаза жағдайда көңіл айту;

6. Жеміс-жидек, қандай да бір тағам түрін сатып алғанда сатып алған кезде бір бөлігін көршіге сыйлау;

7. Көршіге кешірімді, жұмсақ болу;

8. Көршіні орынсыз айыптамау;

9. Көршіге ыңғайлы уақытта қал-жағдайын сұрап бару, мұқтаж көршіге көмектесу;

10. Маңызды істерде көршімен ақылдасу.

 

Асыл дініміз көрші ақысына құндылық ретінде қарайды. Халқымызда «туыс – атадан, көрші – Алладан», «құдайы көршім» дейтін сөздер мәдениетімізде, салт-дәстүрімізде көрші ақысының қаншалықты маңызды орын алатынын аңғартса керек.

Көршіге қайырымды, қонақжай, жәрдемшіл, кешірімді болу осы өмірде де,  ақыретте де пайдалы болары сөзсіз.

материал «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: