Жунайд Бағдади баяндайды:
«Бір күні түнде ұйықтай алмай орнымнан тұрып, Алланы зікір қылмақшы болдым. Бірақ әдеттегідей зікірден ләззат ала алмадым. Ұйықтайын деп қайта жаттым. Тағы ұйықтай алғаным жоқ. Тұрып отырдым. Тыншым кетіп сыртқа шықтым. Бір кезде қарасам, жолда тонына оранып алған бір кісі тұр. Ол мені танып: «Уа, Әбул-Қасим, менімен біраз басуға уақытың бар ма?», - деді. Мен «Уәделеспей ме?» - деп сұрадым. Ол: «Алладан саған жолығуды және көңіліңді маған бұруды қалаған едім», - деді.
«Не қалайсың?» - десем, «Нәпсінің ауруы қашан нәпсінің еміне айналады?» деп сұрады. «Нәпсі өз қалауларына қарсы тұрғанда», - деп жауап бердім. Сонда ол нәпсісіне «Тыңдап ал! Мен саған сол сөзді жеті мәрте қайталап айтқам. Ал сені оны қабыл алмай «Жунайдтың ғана аузынан естідім!» - деп тұрып алғансың», - деді де кетіп қалды. Сол бойы оның кім екенін біле алғаным жоқ».
Язид Раққаши: «Маған салқын су бермеңдер. Ақыретте одан құр қалмаудан үміт етейін», - деді.
Бір кісі Омар ибн Абдулазизден:
– Қашан сөйлесеміз?- деп сұрады.
– Үнсіздікті қалаған кезіңде.
– Қашан үндемей қалайын?
– Әбден сөйлегің келгенде.
Әзірет Али: «Пейішті қалаған адам бұл дүниеде нәпсісінің қалауларынан тыйылсын!», - деді.
материал «Жүрек сырлары» кітабынан алынды,
ummet.kz