22
Жұма,
Қараша

һижри

Жыланның уы – жыланға өмір, адамға өлім

Жыланның уы – жыланға өмір, адамға өлім

Иман келтіру

Жамандықтың обьективті нәтижесімен қатар субьективті қыры бар. Жалған айту, алдау жағынан зиян келтіргені үшін жаман. Нақақтан адам өлтіру, адамның ең құнды болмысына қол сұққаны үшін жаман. Бұлардың барлығы, моральдық мағынадағы жамандықтың, ие болған ерекшелігіне байланысты обьективті білінетіндігін көрсетеді. Бірақ сонымен қатар табиғи түрдегі жамандықтар да бар. Күйретуші, қырушы зілзалалар, үлкен адам шығындарына жол ашатын цунамилер т.б қорқынышты бәлекеттерді осыған мысал ретінде келтіруге болады. Негізінде, бұлардың, сырттай қарағанда жаман көрінуімен қатар, жақсы қырлары да бар.

Мысалы, жер сілкіністері, жер бетінде үлкен шығындар мен ауыртпашылықтарға себеп болғанымен, жер асты көздерінің жер бетіне шығуына жол ашады. Адамдарды үйлерін берік етіп салуға итермелейді. Осылайша технология дамиды, адамзат өмірін жеңілдететін көптеген жаңалықтарды ашады. Олардың ақыретке қатысты пайдалары тіптен үлкен. Сауапқа ие болу үшін адамдарға үлкен мүмкіндік! Сабырмен қабылдап, ғибрат алған жағдайда, үлкен бәлекеттер Жәннатқа себеп бола алады. Зиян шегетіндер, екі дүниеде де өздерінің жіберген қателіктері себепті жоғалтады.

Осы тұрғыдан алғанда табиғи жаманшылықтар да белгілі жағынан салыстырмалы болып келеді. Мәулана, бұл жағдайды бір өлеңінде тамаша баяндайды:

«Көріп жүрсің, дүниеде абсолютті жаман нәрсе жоқ, жамандықтек салыстырмалы. Сосын мынаны да білгейсің, «Әлемде ешбір у немесе балшекер жоқ, біреуге аяқ, екіншісіне аяқбау болмаған!»

Иә... Біреуге аяқ, біреуге аяқбау. Біреуге у, екіншісіне балшекердей тәтті!

Жыланның уы, жыланға өмір, адамға өлім!

Осы өлең жолдарынан мынаны үйренеміз: Әлемде абсолютті жамандық жоқ. Бір жағынан жаман болған нәрсе, екінші бір қырынан жақсы бола алатыны сияқты; біреуге жақсы болған нәрсе, басқа біреуге жаман болуы мүмкін. Қой үшін қасқыр жаман, шөп үшін қой жаман. Біреудің өміріне себеп болған нәрсе, басқа біреудің өліміне себеп болады. Біреуді жылатқан кезде, екінші біреуді күлдіреді. Қайшылықтардың бірлігінен құрылған бір жүйе бар, алдымызда. Неге солай, басқаша емес? Міне, осы сұрақтың жауабын іздейтін боламыз.

Бір әрекет немесе оқиға, әртүрлі жағдайлар мен шарттарға байланысты ерекшеліктеріне қарай әртүрлі сипаттарға ие бола алады. Бұл ерекшеліктер өзгермейінше сол сипаттары да өзгермейді. Мысалы, отан қорғау кезінде дұшпан әскерін өлтіру жақсы, мал-мүлкін тартып алу мақсатында бейкүнә бір адамды өлтіру жаман. Өйткені, бір ғана әрекет бір жағдайды жақсы, екінші бір жағдайда жақсы ниетпен жасалған. Сол зілзала оқиғасы, оған сабырмен қабылдаған адам үшін, келтірген зиянымен, өзінің қателігін түзетуге тырысқан жағдайда жақсы; одан ешқандай кемшілік іздемей айғайға басатын болса, жаман. Өйткені, алғашқы жағдайда сауап, екіншісінде болса азап бар.

материал «Алланың әділдігі және рахымы тұрғысынан

жамандық және қасірет» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: