22
Жұма,
Қараша

һижри

Дұға жасаудағы асығыстық және одан бас тарту

Дұға жасаудағы асығыстық және одан бас тарту

Иман келтіру

Алла Елшісі (с.ғ.с) егер пенденің өтініш-тілегі орындалмай жатса, онда мұндай жағдай жауаптың қайтуына кедергі болатын қандай да бір себепке қатысты екенін ескертіп, пенденің асығыстық жасауынан және Аллаға дұға жасап жалбарынуын тоқтатып қоюынан қайтарды.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) бұл сөздері егер пенденің талап-тілегіне жауап қайтарылмай кешіккен жағдайда ол Алла Тағаланың жауабынан үмітін үзбеуі үшін айтылған, өйткені Алла Тағала өз тілегінде табандылық танытқандарды жақсы көреді. Алла Елшісі (с.ғ.с): «Сендердің әрқайсыңа, егер ол асығыстық жасап: «Мен Аллаға дұға айтып жалбарындым, бірақ Ол маған жауап қатпады», - деп айтпайтын болса, жауап беріледі», - деген. 

материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,

ummet.kz

 

Бөлісу: