22
Жұма,
Қараша

һижри

Адам қай кезде сабырлық сақтауы қажет?

Адам қай кезде сабырлық сақтауы қажет?

Иман келтіру

Сабыр – адамзатты кемелдік шыңына жетелейтін ең асыл қасиеттердің бірі. Әлсіз жаратылған пенде өмірдің сындарлы сәттерінен сабыр сақтау арқылы ғана өте алады.

Себебі Алла Тағала адам баласын бұл дүниеге уақытша сынақ үшін жіберген. Қасиетті Құранда: «Сөзсіз, біз сендерді қорқынышпен, аштықпен, мал-мүліктеріңді және өздеріңді әрі өнімдеріңді кем қылу арқылы сынаймыз», – деген. Демек, адамның басына әртүрлі сынақ келуі мүмкін. Сондай сын сағаттарда сабыр сақтай білген адам екі дүниеде жетістікке жететіні анық. Себебі Алла Тағала Құран кітабында: «Анығында Алласабырлыларменбірге», - деп сабырлы құлдарын сүйіншілеген. Егер де сіз қиналған кезде Алла үшін сабыр етсеңіз, Алла да сізге сынақтан сүрінбей өтуге көмек береді. Асылында шын сабыр соққының алғаш тиген сәтінде болады. Ал егер адам «Құдай саған не жаздым» деген сөз айтып, артынша сабыр сақтайын дейтін болса, ол сабыр емес, керісінше сол қиыншылыққа жай ғана көндігу болып қалады.

Бірде Алла елшісі (с.ғ.с.) қабірді зиярат етуге барғанда қайтыс болған баласының қабірі үстінде шашын жұлып, бетін тырнап, тағдырын қарғап айқайлап жылап жатқан бір әйелді кездестірді. Алла елшісі әлгі әйелді сабырға шақырмақ болғанда, ол кісі: «Ары жүр,  менің басыма келген қайғы саған келмеген соң сен менің жағдайымды түсінбейсің», - деп маңына жуытпады. Ол әйел келген кісінің Пайғамбар екенін білмей қалды. Оған ол адам Алла елшісі еді ғой деген кезде дереу Расулалланың үйіне қарай жүгірді. Пайғамбарымыздың құзырына келіп жасаған қателігіне өкініш білдіріп кешірім сұрайды. Сонда Алла елшісі (с.ғ.с): «Нағыз сабыр – соққының алғаш тиген сәтіндегі сабыр», –  деген екен.

материал «Көркем мінез» кітабынан алынды,

ummet.kz

 

Бөлісу: