23
Сенбі,
Қараша

һижри

Қабыл болатын және құтылуға жеткізетін куәлік

Қабыл болатын және құтылуға жеткізетін куәлік

Иман келтіру

Мұсылман өз жанын тозақтан құтқару үшін әрқашан көмек сұрап жалбарынады. Ол көмек сұрауды иманын нұрландыру мен Алла Тағаланы еске алу арқылы сенімін берік етумен орындайды.

Пайғамбар (с.а.с.): «Кім таңертең және кешке: «Уа, Алла! Расында мен осы таңда Сені және Сенің Аршыңды көтеріп тұрушыларды, Сенің періштелеріңді, Сен жаратқан барлық (мақлұқтарды) Сенің Алла екендігіңе және Сенің Жалғыз, Сенен басқа ешбір құдайдың жоқ екендігіне, Сенің ешқандай серігіңнің жоқ екендігіне, сондай­ақ Мұхаммед – Сенің құлың әрі Сенің елшің екендігіне куә етемін» (Аллаһумма, инни асбахту3 ушһидукә, уә ушһиду хәмәләтә ъаршикә, уә мәләикәтәкә, уә жәмиъа халқикә, әннәкә әнтәллаһу лә иләһә иллә әнтә, уахдәкә лә шәрикә ләкә, уә әннә Мухаммәдән абдукә уә расулукә) десе, Алла оның төрттен бір бөлігін оттан құтқарады, ал кім екі рет айтса, Алла оны оттан жартылай босатады, ал кім үш рет айтса, Алла оның оттан төрттен үшін босатады, ал кім төрт рет айтса, Алла оны оттан бүтіндей босатады», – деген. Өйткені мұндай куәлік беру аса Құдіретті де Ұлы Алланың алдында адам жанына қорқыныш әкеледі және Оған бойсұну құштарлығы мен Оған бағынбай кетуден қорқу сезімін тудырады, сондай-ақ тозақтан алыстау мен аса Құдіретті де Ұлы Алланың мейіріміне жақындаудың себебіне айналады. Пайғамбар (с.а.с.): «Кім таңертең мың рет: «Алла Пәк және Аллаға мадақ» (субханаллаһи уә бихәмдиһ) десе, ол Алладан жанын сатып алады әрі сол күннің кешіне дейін ол тозақ отынан босатылады», – деген.

материал «Имам ән-Нәуәуи таңдағанқырық хадис шархы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: