Хазірет Айша (р.а.) өте тақуа еді. Бірде жалғыз өзі оңашада жылап намаз оқып жатқанда, Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келіп не үшін жылағанын сұрады.
Ол:
- Уа, Алланың елшісі! Тозақтың азабын еске алып жыладым, - деді, сөйтті де:
- Қиямет күні сіз жанұя мүшелеріңізді еске ала аласыз ба? - деп сұрады. Сонда Алла елшісі оған:
- Уа, Айша, үш жерде ешкім ешкімді еске алатын жағдай болмайды, - деп жауап берді,
- Таразыға амалдар тартылып ауыр-жеңіл екені белгілі болғанға дейін, амал дәптерлері оңнан яки солдан берілгенге дейін, жаһаннамның үстіне Сырат көпірі құрылып, өтіп-өте алмауың белгілі болғанға дейін.
материал «Тағылым таразысы» кітабынан алынды,
ummet.kz