Мұхаммед ибн Ысқақ (р.а.) әңгімелеуде:
«Естуімше, Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Меккеден Мәдинаға көшіп бара жатып былай деп дұға етіпті:
- Жоқ кезімде мені жаратқан Аллаға мадақ! Дүниенің қорқынышынан, заманның кесір-кесепатынан, күн мен түннің бәлекетінен мені сақтай гөр. Сапарымда жолдас, әрқашан маған қорған бола гөр!
материал «Тағылым таразысы» кітабынан алынды,
ummet.kz