23
Сенбі,
Қараша

һижри

Адамның ерікті әрекеттері 4 нәрсе арқылы пайда болады

Адамның ерікті әрекеттері 4 нәрсе арқылы пайда болады

Иман келтіру

Адамның ерікті әрекеті мына төрт нәрсе арқылы жүзеге асады:

1. Сол нәрсені ойында, миында елестету.

2. Сол нәрсені ұнатып, зауықтану.

3. Сол нәрсені істеуді жүрегімен қалау, яғни, әрекет етуді тілеу.

4. Әрекеттің туындауы.

Бірінші және екіншілерді Алла Тағала жаратады. Өйткені, ойлау мен ұнату – бар нәрселер. Бар нәрселер жаратылуға мұқтаж. Ал қалау мен таңдау – құлдан. Әрекетті жарататын – Алла Тағала. Құлда қалау мен ирадаи жузийаның (таңдау еркі) пайда болуы алдымен құлда оны ойлау және ұнату деген нәрселердің жаратылуынан кейін жүзеге асады. Мысалы, бір адам садақа беруді және сауабын ойласа, сол нәрсе туралы онда қызығушылық немесе жек көрушілік пайда болады. Осы тірлікті істеуді немесе істемеуді таңдайды. Ұнату, қызығушылық бұл «қалау» дегені емес. Жек көру, болымсыз ойда болу да құлдың қалау құқығынан пайдаланбау дегені емес.

материал «Ислам діні» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: