23
Сенбі,
Қараша

һижри

Иман дәлелдеуді талап етеді

Иман дәлелдеуді талап етеді

Иман келтіру

Иманға тілмен жеткізумен бірге зейінмен емес, жүрекпен растау деп анықтама берілген. Жүрекпен растау өзін ұстанымдарда, яғни салих амалдарда көрсетеді.

Иман махаббаттан тұрады. Махаббаттың өлшемі – пидашылдық. Имандағы шынайылық Алла жолындағы пидашалдықтың мөлшеріндей ғана. Яғни әркімнің иман деңгейін көрсететін айна – істеген істері. Тек сөз жүзінде қалған сөз жиынтығы емес... Сондықтан шайыр: «Адамның айнасы – ісі, сөзіне мән берілмейді» деген екен.

Сонымен қатар иманның кемелдігі «тақуа» бойынша іске асатын жүрекке тән өмірге байланысты. Тақуа – Алладан алшақтататын әр нәрседен жүректі қорғау, нәпсіқұмарлықты тізгіндеп, рухани қабілеттерді дамытып, Хаққа жақсы құл әрі дос бола білу өнері. Және тақуа – әрқилы іс-әрекетінде Алланың қаһары мен азабынан сақтанып, рахметінің саясын паналауға тырысу. Діннің үкімдерін шабытпен, толқи отырып, сезіне отырып орындау.

Аят кәримәда былай бұйырылған: «...Сендер тақуа болыңдар, Алла сендерге (білмегендеріңді) үйретеді...» («Бақара», 282). Яғни, Алла Тағала құлының тақуалығына сай мөлшерде оған ғылым мен парасат сыйлап, оның көңіл әлемінен мағрифатұллаһ аясына терезелер ашады.

Құлдың шынайылығы мен адалдығы өмір бойы басынан өткізген көптеген сынақтармен ортаға шығады. Бұл жағдайды Алла Тағала былай хабарлаған:
«Адамдар сынақтан өтпей, тек «Иман келтірдік» деумен ғана босатыламыз деп ойлай ма?

Ант етемін, Біз олардан бұрынғыларды да сынадық. Әлбетте Алла шынайы, адалдарды айқындайды. Өтірікшілерді де, сөзсіз, айқындайды» («Анкәбут», 2-3).
Алтын деген асыл тастың сафтығы мен сапасын қалай түрлі дәрежедегі ыстыққа ұстап белгілейтін болса, иманның деңгейі мен кемелдігі де түрлі қиыншылықтар мен бәлекеттерге сабыр мен пидашылдық, тәуекел, разы болу мен тәсілімиятты (берілуді) солай танытып, жүрек деңгейін, тепе-теңдігін қорғаумен белгілі болады.

Бұл тұрғыдан кәміл мүмин қазбалар ішіндегі алтын сияқты. Ол балшыққа түсіп былғанса да, бағасы мен сафтығы еш жоғалмайды. Дәл Асия анамыз сияқты... Ол салиқалы ханым залым Перғауынның әйелі болғанымен, жүрегіндегі ықыласы мен адалдығын, тақуасы мен иманын қорғай білді. Жанын құрбан етті, соның өзінде иманынан бас тартпады.

материал «Бір насихат, мың бір ғибрат» кітабынан алынды,

ummet.kz

 

Бөлісу: