Меню

10
Бейсенбі,
Сәуір
12
Шәууәл
1446 һижри

Барлығымыз үнсіздік оразасына мұқтажбыз

Барлығымыз үнсіздік оразасына мұқтажбыз

Иман келтіру

Барлығымыз үнсіздік оразасына мұқтажбыз.

Басымызға келген пәленің қаншасы тілімізден келеді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Сөйлемес бұрын ойланып ал!» деп бұйырады. Өйткені, айтылған сөзді көмейге қайтып қайтарып алу мүмкін емес. Ауыздан шыққан сөз, садақтан атылған оқ сияқты қайтып кері келмейді. Ал Кирамән Кәтибин оны жазуға даяр тұрады. Бұл дүниедегі диктафондар, таспалар бұзылып, істемей қалуы мүмкін, бірақ Кирамән Кәтибиннің көшіру құралдары еш бұзылмайды.

Қазіргі, бүгінгі жағдайымызды ой елегінен өткізіп отыруымыз керек. Бүгін Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бен сахабалар болғанда не істер еді? Ал біздің халіміз нешік? Қандай нәрселерге алданып жүрміз? Қиямет күні құмның түйіршігіндей жақсылығымыз бен құмның түйіршігіндей жамандығымыздың нәтижесін көретін боламыз. Уысымыздан жіберіп алған кішкентай жақсылықтарға кім біледі, қанша рет ах ұрып, өкінетін боламыз. Қаптаған арызданушылар алдымызға келіп, «Дүниеде маған ананы айтпадың, мынаны түсіндірмедің, Исламды танытпадың!», дейтін болады. Сол күні өкініштің уын ішпеу үшін күн сайын өзімізден «Мен бүгін Алланың мейірімін оятатын не іс жасадым?», – деп сұрауымыз және сол бағыттан танбай тіршілік етуіміз қажет.

материал «Махаббат бағынан гүл көшеттері» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: