03
Жұма,
Мамыр

һижри

Мына дүние әдепті, тәрбиелі кісілермен сүйкімді

Мына дүние әдепті, тәрбиелі кісілермен сүйкімді

Иман келтіру

Жұмсақтық – кісінің көркі, ал оның жоқ болуы жиіркенуді және алыстауды алып келеді.

Жұмсақтық, сыпайылық, сүйкімділік, күлімдеу және жақсы сөздер – бұлар бақыттылардың белгісі. Шынайы иманды кісі сондай болады. Ол ара сияқты жақсы нәрсемен азықтанып, жақсы нәрсе бөліп шығарады. Ол гүлге қонғанында оны сындырмайды не басқа зиян келтірмейді.

Алла Тағала жұмсақтық үшін қаталдық пен дөрекілікке берілмейтін нәрселерді сыйлыққа береді.

Дүниеде әдепті, тәрбиелі кісілер бар. Олар – сүйкімді жандар. Оларды барлық жерде асыға күтеді. Келгенінде құшақ жайып, қуанып қарсы алады. Олардың сөйлеген сөздерінен, жұмсақтығынан, мейірімінен, көмегінен және тәртіптілігінен айналасындағылар рақат алады. Барлығы олармен араласқысы келеді. Барлығы олармен таныс болып, қарым-қатынас жасауға ұмтылады. Жұмсақтық – олардың өзгеше мінезі.

Бұл адамдар: «Жақсылық пен жамандық бірдей болмайды. Сен жамандықтың қарымын (қолыңнан келген ең керемет) жақсылықпен қайтар. Сонда өзіңе қас дұшпан болған адамның жан досыңа айналғанын көресің» («Фуссилат» сүресі, 34) деген қағиданы қолданады.

Олар жамандыққа жақсылықпен жауап береді. Бауырмал болып, мейірімділік танытады. Реніштерді кешіреді. Ақылсыздардан бет бұрып, ашуын басады. Жақсылықты еске алып, жамандықты ұмытады. Оларды жан-дүниесіндегі салмақтылығы, сабырлылық пен сезімталдығы өзгешелеп тұрады. Ал енді айналасындағылар олардан ешқашан зиян тартпайды.

Бұл дүниедегі өмірлерінде олар айналасындағы-лармен тату-тәтті өмір сүреді, ал енді ақыретте оларды ұлы сыйлық күтіп тұрады.

материал «Мұңайма» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: