23
Сенбі,
Қараша

һижри

Салих мүминдердің сегіз сипаты

Салих мүминдердің сегіз сипаты

Иман келтіру

«Рахманның (қас) құлдары жер бетінде қарапайым жүреді және өзін білмейтін адамдар оларды сөзбен атса (ренжімейді және ренжітпейді, тек «сәлем» деп, (жүре береді). Түнді Раббысына сәжде етіп, қиямға түрып өткізеді». (Фұрқан сүресі, 63-64)

Осы аят кәрималар мен осының артынан келетін басқа аят кәрималарда Алла Тағала салих мүминдердің ерекшеліктерін сегіз сипатта жинақтайды:

1. Жер бетінде жүруі мен әрекеттері қарапайым, тәкаппарлық пен менмендіктен алыс қарапайым және айбынды. Надандар олармен байланысса да, амандықпен нәтижеленетін сөз айтады. Айналасына, мейірімді және шыдамды адам болып, сенім удырады. (Фұрқан сүресі, 63)

2. Түнді құлшылықпен өткізеді. Жатуы мен тұруы үнемі Алла үшін болады. (Фұрқан сүресі 64)

3. Былай дұға етеді: «Ей, Раббымыз! Бізді жәһәннәм азабынан сақта! Өйткені, оның азабы уақытша нәрсе емес». (Фұрқан сүресі, 65)

4. Жұмсаған кезде ысырап та етпейді, сараңдық та көрсетпейді, екеуінің ортасында орта жол ұстайды.  (Фұрқан сүресі, 67)

5. Алладан басқаға жалбарынбайды. Алла харам еткен (тыйым салған) жанды орынсыз өлтірмейді және зина жасамайды. (Фұрқан сүресі, 68)

6. Жалған куә болмайды, пайдасы жоқ нәрсеге жолықса, мойын бұрмай (сол жерден) алыстап кетеді. (Фұрқан сүресі, 72)

7. Оларға Раббысының аят кәримәлері айтылғанда, соқыр, саңырау, яғни немқұрайды болмайды. (Фұрқан сүресі, 73)

8. Алла Тағалаға: «Ей, Раббымыз! Бізге көзімізді ашатын жұбайлар мен ұрпақтар бер, бізді тақуаларға басшы ет» деп, мінәжат етіп, отбасылық өмірлерінің және ұрпақтарының ақыретте жүзін жарық ететін иман, парасаттылық пен ахлаққа ие болуын, өсіп кемелденуін тілейді және өздері үшін тақуалықта ең алда болуын қалайды.

Алла Тағала осындай салих мүминдердің қол жеткізетін мәңгілік нәтижені былай жеткізеді: «Міне, олар сабыр еткендері үшін жәннаттің ең жоғарғы мөртебелерімен сыйланады, ол жерде құрметпен, сөлеммен қарсы алынады». (Фұрқан сүресі, 75)

материал «Ақтық дем» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: