23
Сенбі,
Қараша

һижри

«Жан шығады, мінез шықпайды» дегенді қалай түсінеміз?

«Жан шығады, мінез шықпайды» дегенді қалай түсінеміз?

Иман келтіру

Сұрақ: «Жан шығады, бірақ мінез шықпайды деп айтылады, сонда жаман мінезді өзгертуге болмай ма?

Жауап: «Жан шығады, бірақ мінез шықпайды» деген сөз, шәһуат, ашу секілді адамның жаратылысындағы қасиеттердің толығымен жойылмайтындығын білдіру үшін айтылған. Тәрбие ету басқа, жоқ қылу, жою басқа. Адам насихатпен тәрбиеленуі мүмкін.

Құран Кәрімде: «Насихат мұсылмандарға әрине пайда береді.» делінген. (Зарият 55) Мінез-құлықты өзгертуге болатындықтан, бала тәрбиесі туралы айтылған хадис шәрифтерде былай делінген:

«Баланы жақсылап тәрбиелеу баланың әкесіндегі ақыларынан.» (Бәйһақи)

«Балаларыңа ізет етіңдер, оларды әдепті, тәрбиелі етіп жетілдіріңдер!» (Ибн Мажә)

«Баланы тәрбиелеу тонналап садақа беруден де артық сауап.» (Тирмизи)

материал «Бақыттың кілті жанұяда» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: