26
Жұма,
Сәуір

һижри

Тәубеміз де, ғибадатымыз да қабыл болуға мұқтаж

Тәубеміз де, ғибадатымыз да қабыл болуға мұқтаж

Иман келтіру

Хақ Тағала өз құзырына қарайған және қатайған жүрекпен келуімізді қаламайды.

Қалбү сәлиммен, яғни таза және саф жүрекпен келуімізді қалайды. Ол үшін жүрегімізді күнәлардан сүзіп, тазартуымыз қажет. Мұнайды сұрыптайтын аппараттар болады. Айықтырғышқа қосқан кезде бір тетіктен смала, бір тетіктен мазут, енді бір тетіктен бензин аға бастайды. Жүректен дәл солай бөтен заттарды ағызып тастап, тек Алланың жаратып берген кезіндегідей таза сипаттар қалуы керек.

Тәубелеріміз де, ғибадаттарымыз да қабыл болуға мұқтаж. Тәубелерді Алла қаласа, қабылдайды. Сол үшін де Алла қабыл ететіндей тәубемен жақындау өте маңызды. Намаз, ораза, қажылық, зекет, көркем ахлақ... Бәрі де Алланың қабыл етуіне байланысты. Сондықтан құл құлшылығын еш уақытта көп көрмеуі керек. Қаншауы қабыл болып, қаншауы желге ұшқандығын білмейміз. Қолымыздан келері тек «Раббым! Қабыл ет!» деп жалбарыну және қолдан келгенше қабыл болуға лайықты амалдар жасау.

Тасаувуф менмендікті өшіріп, орнына Жаратушы Иені қоюға дәнекер болады. Ең қиын тәлім – жүректі бабына келтіріп, тәрбиелеу. Бірақ ең маңыздысы да осы іс. Бұл дүниеге Аллаға құл болу үшін келдік. Бұл дүние бес күндік дейді. шын дүниемен салыстырғанда бұл дүние сабын көбіктерінің ғұмырындай ғана.

материал «Махаббат бағынан гүл көшеттері» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: