28
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

Нәпсіні тәрбиелеу туралы ұлылардың сөздері

Нәпсіні тәрбиелеу туралы ұлылардың сөздері

Иман келтіру

Сүлеймен (а.с.) пайғамбар былай деген екен: «Нәпсісін тәрбиелей алған кісі жалғыз өзі жер жүзін бағындырған батырдан да күшті».

Әзірет Али (р.а.) айтады: «Мені мен нәпсім бір қора қой мен қойшыдаймыз. Қойшы қойдың бір жағын қайтарса, екінші жағы жайылып кете береді. Кім нәпсісін жеңіп, оның қалауларын тізгіндей алса, рақымға бөленіп, керемет топырағына көміледі. Кім жүрегіндегі асыл сезімдерді өлтірсе, лағынетке ұшырап, азап топырағына көміледі».

Белгілі әулиелердің бірі былай дейді: «Аллаға ғибадат жасап, нәпсіңмен күрес. Аз ұйықта, аз сөйле. Аз ұйықтау ерікті күшейтеді. Аз сөйлеу бәлені жояды. Адамдарға және басқа жандыларға зиян келтірмеу пендені тілегіне жеткізеді. Аз тамақтану пендеге нәпсі құмарларын қиыншылықсыз жеңуге көмектеседі. Тамаққа әбден тою жүректі әлсіретіп, адамгершіліктен бездіреді. Аз тамақ жүректі нұрландырады. Әрдайым тоқ жүру пендені Алладан алыстатады. Сол себептен Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Жүректеріңді аштықпен нұрландырыңдар. Нәпсілеріңмен күресіп, оны тәрбиелеу үшін аз жеу және аз ішу жолын қолданыңдар. Аштықпен пейіш есігін қағуды тоқтатпаңдар. Себебі оның сауабы жиһадтың сауабына тең. Алла үшін аш болудан өткен ғибадат жоқ. Кім қарнын үздіксіз тойдырып жүрсе, рухани әлемге кіре алмайды, рухани ләззат ала алмайды және ғибадаттың дәмін сезбейді».

Әзірет Әбу Бәкір (р.а.) айтады: «Мұсылман болғанымнан бері Жаратқан Иеме жасаған ғибадаттан ләззат алу үшін ешбір уақытта тойып тамақ жемедім және қанғанша су ішпедім. Себебі көп жеген кісі көп ғибадат жасай алмайды. Пенде тамағына шейін тойып алса, дене-бойы ауырлап, ұйқы басады. Буындары босап, көп ғибадат жасауға ниеттенсе де қыла алмай, қолынан ұйқыдан басқа еш нәрсе келмей қалады. Мұндай адам жуылған өлікке ұқсайды». «Минһажул абидин» атты кітапта да дәл солай айтылған.

Лұқпан данышпан айтады: «Ұлым! Ұйқыда және тамақта шектен аспа. Себебі көп жеп, көп ұйықтағандар қиямет күні есеп беруге жаман жағдайда келеді, олардың ешқандай жақсы істері болмайды». Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: «Көп жеп, көп ішумен жүректеріңді өлтірмеңдер. Өйткені көп суғарылған өсімдік тамыры шіріп қурап қалғандай, жүрек те (көп жеп-ішуіменен) өледі».

Ғалымдардың кейбіреулері асқазанды жүректің астында қайнаған және оның буы жүректі үрлеп тұрған қазанға ұқсатады. Бу көп болса, жүректі қарайтады, тіпті өлтіреді. Көп тамақтану ой-түсінікті және білімді азайтады. Құрсақтың үлкендігі еске сақтауды нашарлатады.

материал «Жүрек сырлары» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: