29
Жұма,
Наурыз

һижри

Алланың құлын жек көруінің көрінісі

Алланың құлын жек көруінің көрінісі

Иман келтіру

Ғайбат амалдарға кіріп кетуі мүмкін. Өзіне қатысы жоқ істер жайында сұрастыру, мәлімет жинау – мұсылманның сипатынан емес.

Әбу Дәжәнә есімді сахаба жайында мынадай хабар келген: Ұлы сахаба қатты науқастанып жатқан кезінде, жақын адамдарының бірі кіреді, оның жүзі нұрланып жатқанын көреді: Ол оған мынадай өсиет айтады: Мен еш уақытта өзіме қатысты іс жайында сөз қозғамайтынмын, есесіне жүрегіме тыныштық орнайтын. Хасан Басри: «Алланың құлын жек көруінің мысалы – өзіне қатысы жоқ іспен шұғылдандырып қоюы».

Имам Мәлік: «Адам өзіне қатысы жоқ істі тастмайынша ол үшін құтылу жоқ».

Басқа біреудің ісіне араласып, соған уақытын кетірген адам ертең өзінің ісіне уақыт таппайтын болады.

Шығыс халқында мынадай мақал бар: «Өзіңе қатысы жоқ затқа аралассаң, өзің ұнамаған затты естуіңе душар боласың», – деген. Сол себепті кейбір заттардың құпия сақталуы да қайырлы істерден.

Алайда әңгімеге араласу қажеттілік туған жағдайда рұқсат сұрап өз ойын айтуға, белгілі бір мәліметті жеткізуге болады. Ондайда әдепті негізге ала отырып: «Сөздеріңізге араласқаныма кешірім өтінем, рұқсат етсеңіздер, осы турасында менің қосар ойым бар еді» деген секілді тәсілде жүзеге асады. Ал ай-шай жоқ килігіп кету мұсылманның сипатынан емес.

Өзінің өмірінде берекесі жоқ адам өзгенің өміріне араласқыш, ақыл айтқыш келеді. Әр адамның жеке мекені бар, ол сол мекенге біреуді кіргізбейді және басқа біреуге де кірмейді. Қазақта «біреудің ала жібін аттама» деген терең мағыналы сөз бар. «Ала жібін аттамау» – сызып қойған межесінен өтіп кетпеу дегенді білдіреді. Демек, біреудің сіздің ісіңізге араласқанын қаламасаңыз, сіз де біреудің ісіне араласпаңыз.

Адамның өзіне қатысты дүниелік және рухани істері бар. Санаңызды өзіңізге қатысы жоқ заттармен толтыруыңыз – маңызды істерден құр қалуыңыз.

материал «№1 дұшпан (жақсы сөйле немесе үндеме)» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: