23
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Иман мүмкін еместі мүмкін етеді

Иман мүмкін еместі мүмкін етеді

Иман келтіру

Діни сенім – Мұса (а.с) пайғамбардың асатаяғы секілді алдынан шыққан кедергілерді жұтып, оларды жоятын көмекшілер.

Тур тауы секілді өмірдің тегіс және кедір-бұдыр жолдарында жүргенде, бізді ұстап тұратын ең үлкен сүйеніштеріміз. Сол себепті өмірді тек осы дүниеден тұрады деп санайтын адамдардың, яғни бір ғана дүниесі бар, өлімнен кейін өзін күтетін мәңгілік өмірге сенбейтін адамдардың отбасында туындайтын проблемаларды шешуде табандылықпен әрекет жасаулары мүмкін емес.

«Ниса» сүресінің 36-аятында Алла адамдардың өзіне құл болуын бұйырып қана қоймай, бұл Құдайға құл болу процесі қалай жүзеге асатынын түсіндіреді. Бұл жерде қарым-қатынастағы адамдармен қоса мұқтаждар да ескертілген. Аятта «қол астындағыларың» деп отбасы мүшелері мен қарамағымызда жұмыс істейтіндер айтылған. Алла бұл топтарға иман келтіргеннен кейін жақсы қарым-қатынас жасауды құлдың міндеті деп санап, орындалмағандарды мақтаншақ, даңғой адамдар деп қабылдаған. Аллаға құл болу – адамның бұл топтардың барлығымен жақсы қарым-қатынас жасауымен кемелдікке жетеді. Иман болмаса, үміт үзіледі, сабыр таусылады. Өкінішке орай, қалған санаулы сезім отбасында бақытты болу үшін адамға жетпейді.

материал «Отбасындағы сенім терапиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: